Пациенттердің екеуі Теміртау қаласының 1977 және 1988 жылдары туған тұрғындары. Ал үшіншісі – Абай ауданында тұратын 46 жастағы ер адам. Ол үй карантинінде болған екен.
Бүгінгі, яғни 13 мамырдағы мәлімет бойынша, Қарағанды облысында коронавирус жұқтырудың 200 оқиғасы ресми түрде тіркелген. Үш науқас осы індеттен қайтыс болды және 99 пациент жазылып шықты.