Қазақстан • 13 Мамыр, 2020

«Е-Qurylys» жобасы құрылыс процестерінің ашықтығын бақылауды күшейтеді

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрылыс процестерінің ашықтығын және объектілер құрылысының сапасын бақылауды күшейтудегі құралдардың бірі ретінде «е-Qurylys» жобасын іске асыру көзделіп отыр. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Е-Qurylys» жобасы құрылыс процестерінің ашықтығын бақылауды күшейтеді

Осы жоба арқылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, халықты әлеуметтік қорғау, өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерді және басқа да мүдделі органдарды тарта отырып, құрылыстың барлық қатысушылары үшін (Тапсырыс беруші, мердігерлік ұйым, техникалық және авторлық қадағалау) бірыңғай цифрлық алаң құру жоспарланған.

«Е-Qurylys» жобасы құрылысқа қатысушыларға жүктелген міндеттемелерді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы орындауға (қағаз құжат айналымын барынша азайту) және ақпараттық деректерді кейіннен түзету мүмкіндігінсіз сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар осы жүйеге бейнені тіркеу және жазу құралдарын қосу көзделген. Бұл мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының және басқа да бақылаушы мекемелердің объектілер құрылысының барысын қадағалауын және камералдық мониторингілеуді қамтамасыз етеді.