Қазақстан • 15 Мамыр, 2020

Ақтау халықаралық әуежайы өткен жылы 1 млн жолаушыға қызмет көрсетті

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау халықаралық әуежайы Қазақстанда тасымалдау көлемі бойынша 3-ші орынды алады. Былтыр әуежайда 1,02 млн жолаушыға қызмет көрсетілді. Әуежайда 537 адам қызмет етеді.

Ақтау халықаралық әуежайы өткен жылы 1 млн жолаушыға қызмет көрсетті

Ақтау қаласында туристік кластердің дамуы, сағатына 450 жолаушы өткізе алатын қазіргі заманғы жолаушылар терминалының және азаматтық авиацияда пайдаланылатын барлық үлгідегі әуе кемелерін қабылдауға және ұшыруға жабдықталған әуеайлақтың болуы арқасында Ақтау әуежайы отандық және және шетелдік әуе тасымалдаушылар үшін тартымды болып отыр. 

2007 жылғы желтоқсанда АТМ Group және Маңғыстау облысының әкімдігі арасында халықаралық жаңа жолаушылар терминалын салу және пайдалану туралы 30 жыл мерзімге арналған концессия шарты жасалды.

Еске сала кетейік, төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін әуежайда 8 ішкі және 16 халықаралық бағытқа ұшатын қазақстандық және шетелдік әуе компанияларына қызмет көрсетілді.