Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Маска тағып жүру режимін қатаң сақтау керек - Сәуле Қисықова

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда тұрғындары маска тағып жүру режимін қатаң сақтауы керек. Бұл Covid-19 тарату тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.

Маска тағып жүру режимін қатаң сақтау керек - Сәуле Қисықова

«Мамыр айының алғашқы аптасында аурушаңдық өсімі 4,9%-ды, екінші аптада 3,9%-ды құрады. Аурушаңдықтың өсуі, жаңа жағдайларды тіркеу 20,5%-ға төмендегені байқалады. Карантинді алып тастау кезеңдері қалада сырқаттанушылықтың азаюына байланысты әр жеті күн сайын белгіленеді. Құрметті қала тұрғындары, карантинді алып тастауды жеделдету тікелей сіздерге байланысты. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін базалық талаптарды қатаң ұстану қажет», – деп атап өтті Сәуле Қисықова.

Сондай-ақ ол қарапайым қорғаныс құралдары – медициналық маскалар, әлеуметтік қашықтықты сақтау маңыздылығын атап өтті.