Синоптиктердің болжамы бойынша Қазақстанның басым бөлігінде әлі де құбылмалы ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерде найзағаймен жаңбыр жауады, желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Шығыс Қазақстан, Ақтобе, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде тұман күтіледі. Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерде 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.