Аймақтар • 16 Мамыр, 2020

Атырау: Қауіпті індет жұқтырғандар саны 500-ден асты

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Атырауда 32 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Оның бесеуі Ресейдің Астрахан облысымен шекарадағы Құрманғазы ауданында анықталып отыр.

Атырау: Қауіпті індет жұқтырғандар саны 500-ден асты

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, Түркістан облысының1996, 1992, 1995, 1996, 1988 жылдары туған  бес тұрғыны Атырауға Ресей Федерациясынан келіпті. Олардан алынған тест қорытындысында қауіпті инфекцияның бары расталған.

Сондай-ақ  Теңіз кенішінің  27 жұмысшысынан да қауіпті індеттің  белгісі анықталды. Олардың 21-і –ер адам, ал, алтауы –әйел. Бұлардың бәрі инфекциялық стационарға жатқызылды.

Осылайша, бүгін Атырау облысында қауіпті індетті жұқтырған 506 адам тіркелді. Науқастардың арасындағы 428 адам – Теңіз кенішінде жұмыс істеген жұмысшылар. Ал, 147 пациент  қауіпті індеттен жазылып шықты.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025