Ауруға шалдыққандардың екеуі Қарағандының 1994 және 1970 жылдары туған тұрғындары. Абай ауданындағы Топар кентінің 1994 жылғы тұрғыны да індет шеңгеліне іліккен. Бұқар жырау ауданында тұратын 1956, 1969, 1989 жылғы үш ер адам және 1962, 1975, 1996 жылдары туған үш әйелден де ПТР-талдау COVID-19 барын растады. Сондай-ақ, пациенттердің қатарында Теміртау қаласының үш тұрғыны бар: олар – 1982 жылғы ер адам және 2016, 2005 жылдары туған балалар. Шахтинск қаласының 1994 жылы туған тұрғыны да аталған індет белгісімен инфекциялық стационарға жатқызылды. Бұлардың барлығы осыған дейін «жаман тұмау» жұқтырған науқастармен байланыста болған.
Бүгінгі мәліметке сай, Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 232 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 3 науқас көз жұмды және 146 пациент ауруханадан жазылып шықты.
Қарағанды облысы