Осыған орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы ақпарат бергені, немесе өзге түрде көрсетілген жәрдем үшін қаржылық ынталандыру мөлшерін ұлғайтып отыр. Мәселен, агенттіктің Атырау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы бірінші тоқсанда жергілікті 5 азаматқа 700 мың теңгеден астам қаржылай сыйақы беріліпті.
Сондай-ақ құқық қорғау органының 1 қызметкеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын ашуға көмектескені үшін алғыс жарияланды.
–Бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықтың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталып отыр, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.