Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 мамырға қараған түні сағат 00:30 шамасында «Mercedes Benz» көлігінің жүргізушісі арнайы дыбыс сигналын беруге арналған құрылғыны қосып жүрген екен. Оны Атырау қалалық полиция басқармасының «Батыс-31» патрульдік құрамы Азаттық даңғылының бойында тоқтатты.
–Тексеру барысында көлік жүргізушісінің 1999 жылы туған азамат екені анықталды. Оған көлігіне арнайы құрылғыны пайдалғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 603-бабы, 2-бөлігімен хаттама толтырылды. Дыбыс беруге арналған құрылғы тәркіленді, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
«Mercedes Benz» көлігі айыппұл тұрағына қойылған.