Қоғам • 18 Мамыр, 2020

Елордада санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталмайынша нысандар қайта ашылмайды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзған құрылыс компаниялары, азық-түліктік емес дүкендер, өзімен бірге алып кету қызметі жұмыс істеген мейрамханалар мен дәмханалар жабылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елордада санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталмайынша нысандар қайта ашылмайды

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп, күнделікті санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау бойынша рейд жүргізеді. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше нысандар қайта ашылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамаған 15 нысан жабылды. Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды. Коронавирустан жазылғандар үшін індет мүлде қауіпсіз деуге болмайды. Инфекция өкпені ғана емес, бүйрек, бауыр, жүрек, миды зақымдауы мүмкін.

Сонымен қатар өкпеде ұлпаның фиброзы түрінде ошақтар пайда болады – тыныс алу жүйесі ауыр жүктемелерге төтеп бере алмайды. Өкпе қызметі әлсірейді. Ауырғандарда бірер жылдан кейін қандай асқынулар туындауы мүмкін екені әлі белгісіз. Елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, қауіпті инфекцияға немқұрайлы қарауға болмайды.

«Адамдар босаңсымауы, маска тағу режимін қатаң сақтауы керек. Егер санитарлық норма сақталмаса, қала тағы да қатаң карантин ережелеріне қайта оралады. Қалыпты өмірге тезірек оралу өзімізге байланысты»,- делінген хабарламада.