Қоғам • 18 Мамыр, 2020

Елорданың орталық базары бұрынғы режимде жұмыс істеуге дайын

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімдігі қаланың ірі сауда орталығының дайындығын тексеріп, оның жұмысына оң бағасын берді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорданың орталық базары бұрынғы режимде жұмыс істеуге дайын

«Бүгін біз СЭС органдарымен бірге карантинді жеңілдету аясында орталық базар жұмысын қалпына келтіру дайындығын тексердік. Дайындық жоғары. Негізінде барлық базарлар антисептик, маскалармен қамтылып, логистика ұйымдастырылған. Базар басшылығымен санитарлық нормалардың сақталуына бақылау жүруде. Бақылау әрі қарай жалғасады», – деді Нұр-Сұлтан қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев.

Орталық базардың басқарушы компаниясының директоры Атахан Абдижалиловтың айтуынша, саудагерлер мен базар қызметкерлері антисептик, қолғап, санитайзерлермен толық қамтылған.