18 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан: Мақтаралға 20 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

813 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 тонна азық-түлік жеткізілді. 

Шығыс Қазақстан: Мақтаралға 20 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Төтеннен келген судың астында қалып, әбігерге түскен Мақтаарал ауданына Шығыс Қазақстаннан гуманитарлық көмек жетті. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен қолға алынған қайырымдылық шарасын белгілі меценат, Катонқарағай ауданы, Аршаты ауылының тумасы Ғани Шаймарданов қолдап, көмек қолын созыпты.

ғ

Шығыстан артынып-тартынып аттанған керуенді Шымкент қаласында Түркістан облысы және Шымкент қаласының Құрметті азаматтарымен қатар Қазақстанның құрметті құрылысшысы Әбдіғани Ташқараев пен Елбасының курстасы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Аманәлі Әбдіраманов қарсы алыпты.

н

«20 тонна азық-түлік (5 тонна қарақұмық, 5 тонна күнбағыс майы, 10 тонна ұн) жеткізілді. Кәсіпкер Социалистік Еңбек Ері Нұрмұхамед Есентаевтың отбасына 500 мың теңге қаржылай қолдау көрсетті.

в

Қайырымдылық шарасына «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облыстық хатшылығы өкілдері, «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай, өзге де облыс тұрғындары белсене атсалысты» дейді  Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облыстық хатшылығының меңгерушісі Жанна Асқарқызы.

Шығыс Қазақстан облысы