Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Атырау: Бір жасар сәби терезеден құлап, 35 жастағы жігіт оққа ұшты

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзек өртейтін өкінішті оқиғаның екеуі де Мақат ауданында тіркеліп отыр. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 мамырда Мақат кентінде  атыс қаруынан 1985 жылы туған жергілікті  жігіт жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Атырау: Бір жасар сәби терезеден құлап, 35 жастағы жігіт оққа ұшты

Полиция қызметкерлері аталған қылмысқа қатысты екі күдіктіні анықтады. Оның біреуі ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлімімен (Адам өлтіру) жүргізіліп жатыр.

–Өзге ақпарат Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, -деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 мамырда  сағат 18:00 шамасында  Мақат кентінің «Болашақ» шағынауданындағы 3 қабатты үйдің  2-қабатындағы пәтер терезесінен 1 жастағы бала құлап кетті. 

Терезеден құлаған балақай облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазір оның жағдайы ауыр.

–Оқыс оқиғаға баланы қараусыз қалдыру себеп болып отыр. Облыста жыл басынан бері осындай екі оқиға тіркелді, деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.