Суреттерде Ырғыз даласында дүниеге келген құралайлар
- Мамырдың басында басталған киіктердің төлдеуі күні кеше аяқталды. Биылғы көктем жайма-шуақ болып, ақбөкендердің еш уайымсыз төлдеуіне ыңғайлы болды. Бетпақдала, орал және үстірт популяцияларында төлдеу әртүрлі уақытта басталса да, бірдей кезеңде аяқталды. Жез киіктің қорғаны болған инспекторлар әр облыста сақтық жұмыстарын жіті жүргізді. Дала кезген «Охотзоопром» және облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциялардың инспекторлары күндіз-түні тыным таппай еңбек етті, - деп жазды Сәкен Ділдахмет.
Оның айтуынша, табиғат сақшылары жас құралайлардың өсіп-өнуінен бастап, олардың ұрпақ жалғастыруына, әрі болашақтың аманатын жеткізу үшін жыл он екі ай қызмет атқарады.
- Жазды өткізіп, мизамға шыққанда биылғы санақты өткіземіз. Амандық болса, былтырғы 334 мың межеден асуымыз қажет, - делінген жазбада.