«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» мерейтойлық марафоны аяқталды. Патриоттық жобаның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы тарихындағы нақты бір отбасының тарихын еске алу.

Зияткерлік мектептердің оқушы, мұғалім және ата-анасы өз отбасыларының тарихын майданнан келген хаттар мен суреттер, сонымен қатар соғыс және тыл ардагерлерінің естеліктері арқылы ұсынды, деп хабарлайды аталған білім ошағының баспасөз қызметі.
Марафон бойы әлеуметтік желілердегі NIS-тің ресми аккаунттарындағы жарияланымдар Ұлы Жеңіске арналады. Онлайн форматта шаңырақтарда майдан және тыл ардагерлерімен кездесу, «Ұлы Жеңіске тағзым» ерлік сабақтары өтіп, «Менің отбасымның ардагер батыры» зерттеу жобаларының қорытындысы жарияланды. Қашықтан форматындағы «Ол күндердің даңқы өшпейді» ән челленджі, «Мен - батырдың ұрпағымын» арт челленджі, «Ұлы Жеңісті жырлаймыз» көркемсөз оқулары көптің қызығушылығын тудырды. Әр мектепте оқушылар отбасы мұрағатында сақталған майдан хаттары мен суреттерін көрсеткен «Соғыс туралы монолог», «Майданнан хат», «Отты жылдар жаңғырығы – отбасымда» деректі фильмдері дайындалды.Дала поштасынан жолданған әрбір сарғайған үшбу хатта бейбіт өмір туралы армандар мен жоспарлар, үй іші және жан достармен хабар алмасу, туған жеріне деген сағыныш жатыр.
Нұр Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Дамир Бекеновтің атасы Қадан Бекенов Берлинді алуға қатысқан. Қарағанды қаласындағы НЗМ-нен Мирас Дауытқазының атасы, әскери дәрігер Шәріп Сексенов майдан даласында 15 500-ден астам ота жасапты.Өскемендік зияткер Алдияр Аубакировтың атасы Махмет Қайырбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп мұғалімі Эльмира Акимованың әкесі, ұстаз Тұрсын Акимов сұм соғыс басталысымен өз еркімен майданға аттанған. Алматылық химия-биология бағытындағы мектептен Богдан Мироновтың атасы Григорий Миронов Ладога көлінің әйгілі «Өмір жолымен»Ленинград блокадасына азық-түлік жеткізіпті. Тегін бүгінде Қостанайдағы Зияткерлік мектеп оқушылары Диар мен Санжар Куставлетовтер алған Абдрахман Куставлетов өзінің ұлы Ахметбекті атқыштар мектебінде кездестірген. Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептен Батырхан Сарсеновтың атасы Шамсутдин Сарсенов кеңес барлаушылары құрамында Тегеран конференциясында «Үлкен Үштік» көшбасшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. «Білімге ұмтылыңыздар!» – шымкенттік физика-математика бағытындағы мектеп оқушысы Абылай Кеңестің атасы Анас Алимов немерелеріне осындай өсиет қалдырды. Жеңіс марафоны кезінде отбасы мұрағатындағы әсерлі, жан теберінтер жүздеген бірегей оқиға баяндалды.
Соғыс жылдарында Орал қаласының үш аэродромынан әйгілі ұшқыштар Хиуаз Доспанова мен Леонид Беда әуеге көтерілген, бірінің орнында қазір Назарбаев Зияткерлік мектебі орналасқан. Денсаулығына байланысты майдан қатарына алынбаған Әділбек Демесінов бар мүлкіне әскери ұшақ сатып алып, тылда нағыз ерлігімен танылған. Иван Сусанин атындағы костромалық мұражайда 53-ші Сусанин ретінде Байшыған Бектұрлиев аты тұр, оның ерлігінің арқасында Қазақстанның батысында Гурьев мұнай өңдеу зауытына бара жатқан жау десанты жойылған, аты аңызға айналған ақсақал – оралдық Зияткерлік мектеп оқушылары Әли мен Мерей Есенгелдиндердің атасы. 9 мамыр күні павлодарлық зияткер Аружан Халықованың апасы, тыл ардагері Күлжаупар Қожановаға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин атынан «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл» мерейтойлық медалі табысталды. Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Мейірімділік көпірі» волонтерлік клубы жүргізген әлеуметтік-зерттеу қорытындысы бойынша «След войны в истории моей судьбы» атты жинақ шықты. Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен «Кестелi орамал» акциясы кезінде оқушылар мен мұғалімдер соғыс пен тылда тер төккен ардагер туыстарының атын кестелеп жазды. Жеңіске 75 жыл толғанда Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Светлана Озган әріптестерінің көмегімен атасы Озган Косановтың жерленген жерін тапты, отбасы бұл іздеуді 1943 жылы бастаған екен.
Жүздеген әңгімелер мен фильмдер, майдан хаттары мен суреттер – барлығы да Ұлы соғыстың және оның майданы мен тылында ерлік көрсеткен ең жақын адамдардың шынайы әрі егжей-тегжейлі келбеті, ал ондағы кейіпкерлердің аты марафонға қатысушылардың мақтан тұтар тегіне айналған. Естеліктер лентасында оқушылар Жеңіс күнін неліктен көзді жасқа толтыра тойлайтын мереке екенін түсінгендерін, майдан хаттары мен суреттер, жерлеу туралы хабарламалар, орден кітапшалары, әскери марапаттар, ардагерлердің қол сағаттары – әрбір қазақстандық отбасы үшін құнды жәдігерлер екеніне көз жеткізгендерін мойындады.
«Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» марафоны Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлық оқушылары үшін ерлік пен патриотизмнен сыр шерткен шынайы сабаққа айналды. Қазіргі таңда NIS желісінде электронды «Естеліктер мұрағатын» жасау қолға алынған. Айтулы марафонды дәстүрлі түрде жыл сайын мамырдың бірінші онкүндігінде өткізу жоспарланып отыр.
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Бүгін, 22:30
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 21:30
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Бүгін, 21:25
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 20:30
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:06
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар