Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Атырау: Білім орталықтары, азық-түлік емес дүкендер жұмысын бастады

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің қаулысына сәйкес, бүгін  білім беру орталықтары, жазылу арқылы 5 адамнан аспайтын репетиторлық, тілдік және өзге де үйірмелердің жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Атырау: Білім орталықтары, азық-түлік емес дүкендер жұмысын бастады

Сондай-ақ, ауданы 2 мың шаршы метрден аспайтын азық-түлік емес дүкендер  жұмысын бастады. 

Аталған кәсіпкерлік нысандарының барлығы таңертеңгі сағат 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді.  

Ал, 20 мамырда  меншік нысанына қарамастан барлық  балабақшаларда кезекші топтарды ұйымдастыруға рұқсат етілді. Алайда, балабақшаларға балаларды әкелу үшін ата-анасының екеуі, немесе қамқоршылары мен асырап алушылар жұмыс істейтіні туралы анықтаманы көрсетуі  керек.

Соңғы жаңалықтар