Экологияға және тарихи-мәдени мұраларға қатысты жобаларды іске асыруға мүмкіндік беру, жобаларды іске асыруға азаматтарды көптеп қатыстыруға негізделген байқау бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі.
Археологиялық іздеу жұмыстарын жүргізу, қалпына келтіру (реставрация) жұмыстарын жүргізу, тарихи-мәдени нысандарда мониторинг жүргізу, тарихи-мәдени орындарға волонтер-гидтер даярлау, тарихи-мәдени орындарды насихаттауға волонтерлерді тарту, материалдық емес мәдени мұраны сақтау бойынша жобаларға волонтерлерді тарту бойынша жұмыс жүргізетін жастардың грантты ұтып алуға мүмкіндіктері бар.
Грантты 136 жасқа беру жоспарланған. 23 мамырға дейін жалғасатын байқауда жеке тұлғалар, бастамашыл топтар, үкіметтік емес ұйымдар бақ сынай алады.
Байқауға волонтерлік қызмет тәжірибесіне азаматтарды тарту үшін тиімді механизм мен жағымды жағдай жасау арқылы волонтерліктің жүйелі дамуына бағытталған «Birgemiz» Волонтер жылын өткізу концепциясына сай жобалар қабылданады.