Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

«Қазхром» 55 миллион теңге бөлді

574 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ERG құрамындағы «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ өңірлердегі кенші, металлургтерін, жұмысшы, қызметкерлерін медициналық бетперделермен қамтамасыз етуде.

«Қазхром» 55 миллион теңге бөлді

Суреттерді түсірген Виктория Машкарина

Компания Дөң тау-кен байыту комбинаты (Ақтөбе облысы, Хромтау қ.), «Қазмарганец» кен басқармасы (Қарағанды облысы), Ақсу ферроқорытпа зауыты (Павлодар облысы) және Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (Ақтөбе облысы) сияқты құрылымдық бөлімшелерді біріктіреді.

Еуразиялық топтың құрамын­дағы «Қазхром» ТҰК» АҚ – тау-кен металлургия саласы бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания жылына 6 миллион тонна хром, 480 мың тонна марганец, 1,8 миллион тонна ферроқорытпа өндіреді.

2

Қазір «Қазхром» ТҰК» АҚ COVID-19 таралуын болдырмау және алдын алу бағытында қа­таң шараларды сақтай отырып, тө­тенше жағдай кезінде жұмыс жасауда.

Компания президенті Ар­ман Есенжоловтың төраға­лы­ғымен төтенше жағдайдағы іс-шара­ларға арналған штаб құ­рылған.

Компания топтың барлық кә­сіпорындары үшін жеке қор­ға­ныш құралдары және қажетті меди­циналық жаб­дықтарды сатып алуға 900 миллион теңгеден астам қаржы бөлген.

Сонымен қатар «Қазхром» АҚ кәсіпорындарда зарарсыздан­дырудың кү­шей­тілген түріне көшті. Фи­­лиалдар ай сайын де­зин­­фек­циялық құралдармен қам­тамасыз етіледі.

Ал Ақтөбе қаласындағы «ПО ГЛОБАЛ-Спецодежда» ЖШС «Қазхром» АҚ-тан 200 мың бет­перде тігу үшін көлемді тапсырыс алды. Серіктестікке бетперде дайындау үшін лицензия берілген. Бетперде тігу үшін бөз қолданылмақ. Өндіруші өз өні­міне бір жылға кепілдік береді.

Егер «Қазхром» АҚ-тың өңір­лердегі кәсіпорындарында 19 мың адам еңбек ететінін, әрбір жұмысшы екі са­ғат сайын бір реттік меди­циналық бет­пердені ауыстыруы керек еке­нін ескерсек, сұраныс та аз емес.

Серіктестік бұған дейін де бір­неше жылдан бері ERG кә­сіп­орындарына арнайы киім­ тігумен айналысады. Сон­дықтан фабрика «Қазхром» АҚ-тың сұра­нысы бойынша өнім түрлерін ұлғайтты.

– Әр жұмысшыға екі бетпердеден, яғни бір күн ішінде екі мәрте ауыстыру үшін 200 мыңнан астам бетперде қажет. Қауіпсіз жә­не пайдалануға ыңғайлы болуы үшін арнайы нұсқаулықтар да жасалды, – дейді«Қазхром» ТҰК» АҚ сатып алу бөлімінің бастығы Игорь Филиппенко.

– ERG компаниясы, соның ішінде «Қазхром» АҚ ең­бек адамдары үшін қорғануға қажетті барлық жабдықтарды жедел сатып алды. Кеншілер мен металлургтердің ел алдын­да жауапкершіліктері зор. Дәл осы қасиет бізге коронавирус індетін жеңуге көмектеседі деп сенемін, – дейді «Қазхром»ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов.

Бүгінде «Қазхром» АҚ-тың барлық кәсіпорны тұрақты жұ­мыс ырғағында.

 

Павлодар облысы