Коронавирус • 19 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: 13 адам «жаман тұмау» жұқтырды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 13 жағдайы тіркелді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы: 13 адам «жаман тұмау» жұқтырды

Ауырғандардың басым бөлігі Қарағанды қаласынан. 1988, 1994 жылдары туған ер адамдар, 1967 және 1993 жылғы екі әйел, 2018, 2020 жылдары дүниеге келген қыз балалар, 2007, 2008, 2015 жылдары туған ұл балалар және 2003 жылғы  жасөспірім инфекциялық стационарға жатқызылды. Сондай-ақ инфекция жұқтырғандар арасында Ақтас кентінің 1988 жылы туған тұрғыны және Теміртауда тұратын 1979 жылғы ер адам мен 1954 жылы туған әйел бар.

Бұлардың барлығы бұрын COVID-19 пандемиясын жұқтырғандармен жақын байланыста болған.

Бүгіндікке жеткен мәлімет бойынша, Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 263 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде үш науқас көз жұмды және 147 адам аталған дерттен жазылып шықты. 

Соңғы жаңалықтар