Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан: Бұқтырма жағалауындағы 4 демалыс үйі өртеніп кетті

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

Шығыс Қазақстан: Бұқтырма жағалауындағы 4 демалыс үйі өртеніп кетті

 

Кеше кешкі сағат 21:20-да Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма ауылы жанындағы «Яры» демалыс базасында өрт шыққан болатын. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрттің сағат 22:27-де сөндірілгенін, аумағы 350 шаршы метрді құрайтын 4 үй мен монша жанып кеткенін хабарлады. Сонымен қатар 250 шаршы метр көлеміндегі бұта мен шөп қызыл жалынға оранған.

Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

 Шығыс Қазақстан облысы