Коронавирус • 19 Мамыр, 2020

Атырау: Тағы 142 адамнан індетке шалдықты

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде қауіпті індет өршіп тұр. Бүгін мұнда 142 қызметкердің коронавирус жұқтырғаны анықталды.  

Атырау: Тағы 142 адамнан індетке шалдықты

– Қауіпті індет жұқтырған науқастардың бәрі – Теңіз кенішіндегі мердігерлік мекеменің қызметкерлері. Олар вахталық ауысым алдында тұрғылықты мекенжайына бару үшін  міндетті скринингтен өткен. Барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Қазір алгоритмге сәйкес ем қабылдап жатыр, - деп хабарлады төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтан.

Бүгінгі бұл дерек Атырау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан адамдар санын 769-ға  жеткізді. Олардың арасынан 174 науқас жазылып шықты.