27 Қыркүйек, 2013

Берген – алады, еккен – орады

774 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елбасы Қызылорда облысына сапары кезінде күріш шаруашылығына қатысты нақты тапсырмалар берді. Мәселен, аймақта күріш өндіру барысында әлі күнге бұрынғы технологиялардың қолданылатынын айтты. Күріштің өзіндік құны неліктен қымбат екеніне де тоқталды. Осыған сәйкес шаруашылықта жаңа технологияларды пайдалану керектігін ескертті.

IMG 8489

 

Елбасы Қызылорда облысына сапары кезінде күріш шаруашылығына қатысты нақты тапсырмалар берді. Мәселен, аймақта күріш өндіру барысында әлі күнге бұрынғы технологиялардың қолданылатынын айтты. Күріштің өзіндік құны неліктен қымбат екеніне де тоқталды. Осыған сәйкес шаруашылықта жаңа технологияларды пайдалану керектігін ескертті.

IMG 8489

Жалпы, аймақта 19 ірі, 24 орта, 328 шағын шаруашылықтар егін егіп жатыр. Әрине, олардың бар­лы­ғы өз жұмыстарында замана же­тістіктерін қолданып жа­тыр десек, әбестік болар еді. Дегенмен, олар­дың арасында да соң­ғы тех­но­логиялардың игілігін кө­р­іп жатқандар жеткілікті. Со­лар­дың бірі – «Мағжан және К»­­ жауапкершілігі шектеулі се­ріктестігі.

Биыл аталған серіктестік 4826 гек­тар алқапқа дән септі. Егін тәуір шықты. Өнімділігі де жаман емес. Осы күндері күріш орылып болып қалды. Шаруашылық гектарынан 65 центнерден өнім жинап жатыр. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бұл бұған дейінгі науқандардан жоғары. Жыл сайын күріштің молынан орылып жатқанына қолымыздағы деректер куә. Айталық, 2008 жылы гектарынан 54 центнерден өнім алған екен. Одан бері жыл сайын нәтиже артып отырған. Ал оның бірнеше себебі бар. Енді осыған тоқталайық. Ең алдымен, жерге егілетін тұқым дұрыс болуы керек. Көптеген шаруашылықтар мұрты сынған, қабығы аршылған, құрт жеген тұқымды себетіні жасырын емес. Мұндай тұқымнан жөні түзу өнімнің алынбасы белгілі. Оның сыртында тұқымдық күрішті өңдейтін құрал-жабдықтың бәрі дерлік кеңестік кезеңнен келе жатқан, әбден ескірген дүниелер. Бол­маса, арзан бағаға сатып алын­ған сапасы аса мықты деу­ге келмейтін жабдықтар. Ал ол күрішті күрмектен толық айыр­майды. Біз айтып отырған серіктестік Нағи Ілиясов ауылында тұқым өңдейтін зауыт салды. Арнайы Германиядан әкелінген «Petkus GmbH» компаниясының қондырғысы барлық заманауи талаптарға сай келеді. Зауыттағы жабдықтардың «миы» бар ма дерсің? Таза, сапалы өнім беретін тұқымды бір бөлек шығарады. Ал өнім бермейтін, бірақ пайдалануға болатын күріштерді бөлектеп тастайды. Тағы бір жағынан күрмектерді аршып алады. Бір сөзбен айтқанда, сапалы дүние екені көзге бірден түседі. Тазаланған әрбір тұқымдық күріштің келісінде әрі кеткенде бес-ақ күрмек болады. Ескі зауытта тазаланатын күріште 20-30 күрмекке дейін жетеді екен. Айырмасы айтпаса да тү­сі­нікті. Зауыт сағатына 5 тонна тұқымдық күрішті өңдей алады. Күніне 100 тонна тұқымды ен­тік­пей дайын­дайды. Сонда бұл – об­лысқа қажетті күріштің жарты­сын дайын­дап беруге жарайды де­ген сөз. Қысқасы, «Мағжан және К» серіктестігі таза тұқымды өз­де­рі ғана пайдаланып отырған жоқ, өзге шаруашылықтарға да да­йын­­дап беріп жатыр. Айтпақшы, шаруашылық соңғы 5 жылда «Янтарь», «Лидер», «Фишт», «Анаит» секілді күріш сортта­рын жерсіндірген.

Осы күні Ре­сей­дің «Бальдо», «Османчик», «Вик­тория», «Диамант», өзбек­стан­дық «Гүл­жа­хон», «Ситора», «Ис­тикбол» және «Истиклол» сорттары біздің жерге лайық­талып жатыр.

Одан кейінгі әңгіме бітік шық­қан күрішті орып алуда. Комбайн дұрыс болмаса, дайын тұрған өнімді ысырап қылу оңай. Бұл ретте мекеме мұхиттың арғы жағынан арнайы техникалар алдырған. Бүгінде егістіктегі қызу науқанның ортасында жүрген «John Deere» комбайндары мен тракторлары сөзіміздің дәлелі. Сонымен қатар, атақты «Енисей» комбайндарының соңғы үлгідегі техникалары да көптеп алынған. Қысқасы, шыққан күрішті өнімге айналдыратын техникасы сақадай-сай.

Орылған күрішті тазалау да ерекше мәнге ие. Бұл ретте Кореядан, Қытайдан, Германиядан жеткізілген үш зауыт тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Мекеме қара күрішті тазалайтын алғашқы зауытты 2008 жылы орнатқан екен. Ол сағатына 25 тонна өнім беретін болған. Арада екі жыл өткенде қытайлық құрылғыны қондырады. Ол сағатына 60 тонна қара күрішті тазалай алады. Былтыр германиялық компанияның жабдығын әкелген. Мұның қуаты сұрапыл екен. Бір сағатта 150 тоннаға дейін өнім