Белгілі болғандай, коронавирус инфекциясы анықталған 4 адам Ресей Федерациясында жұмыс істейтін Түркістан облысының тұрғындары.
Ресей Федерациясымен шекарадағы Сырым автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде денсаулыққа шағымдары болмаған.
Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.
Сонымен қатар 5 пациент өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғандықтан, зертханалық сынама алынған.
Коронавирус инфекциясы анықталған тағы 1 адам Сырым ауданының тұрғыны. Дене қызуының көтерілуіне байланысты аудандық аурухана қызметіне жүгінген. Дәрігер пациентті қабылдап, зертханалық сынама алған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығына да COVID-19 диагнозы қойылып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.
19 мамырдағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 339 адам тіркелді.