Көрнекті Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлы таяуда 90 жасқа толды. Біз бүгін Абайтану ілімінің басында тұрған абыз ақсақалдың көлемді мақаласын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Қазақ елі ойшыл хакім Абайдың әдеби мұрасын танып-білуіне 125 жыл толып отыр (1889-2014). Бұл ғасырдан астам мерзімді қамтитын аз уақыт емес. Осы аралықта абайтану тарихының үш кезеңін бастан өткізіппіз. Әуелі абайтану тарихының «Мұхтар Әуезовке дейінгі зерттелу тарихында (1889-1834)» Абайды танытудағы Алаш арыстары халықтық таным тұрғысынан мақала зерттеулері арқылы насихаттау әркеттері дұрыс жолға түсіп еді. Бірақ кеңестік билік тұсында 1923 жылы басталған тұрпайы социологиялық, компоратавистік, формалистік танымдағы идеялық саяси шабуылдар қараборандатып ушығып тұрды.
Бұлар, тіпті, ұлы ақын мұрасын терістеп, әдеби мұра ретінде мансұқтауға дейін барды. Мысалы «Әдебиет майданы» журналының 1934 жылғы тұтас бір саны түгелдей Абай туралы зерттеулерге арналды. Мақаласы жарияланған авторлардың басым көпшілігі Абай мұрасын тұрпайы социологиялық, компаратавистік, формалистік тұрғыдан теріс танытып, Абайдың әдеби мұрасына таптық, саяси әлеуметтік тегіне қарай бағаланып жатты. Бұлардан бағыт-бағдары мен мән-мағынасы мүлде аулақ М.Әуезовтің «Абай ақындығының айналасы» мен профессор Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» деген зерттеу мақаласы абайтанудың сол тұстағы болашағына, ғылыми жаңа бағыт-бағдарына тыңнан жол салған көсем ойлы танымдар болатын.
1933-1934 жылдан 1961 жыл аралығында қанаты кең жайылған «Абайтану тарихының Мұхтар Әуезов кезеңі» дүниеге келді. М.Әуезовтің Абай мұрасы туралы іздену, зерттеу, ақын мұрасын әлем жұртшылығына таныстыру жолында атқарған қызметінің қол жетпес екі шыңы болды. Бірінші шыңы, көркем сөз өнері арқылы, әсіресе, «Абай жолы» эпопеясын әлем халқы жарыса оқып, ХХ ғасырдың ұлы туындысы деп бағаланып жатты. Екінші шыңы, абайтану жолындағы ғылыми-зерттеу еңбегі «Абай Құнанбаев» деп аталатын ғылыми монографиясында ақын туындысы терең талданып жүйеленді. Осы кезде абайтану саласында тұңғыш рет кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалып, монографиялық еңбектер басылым көріп жатты. М.Әуезов абайтануды биік деңгейге көтеріп кетті. Абайдың жүз жылдық мерейтойында ақын мұрасы жанжақты зерттеліп, баспасөзде кең тұрғыдан насихатталып жатты.
1949 жылы КПСС ОК космополитизм туралы қаулысы қабылданысымен әдебиет полицайлары тарапынан 1934 жылы негізі қаланған М.Әуезовтің ақын мұрасының рухани нәр алған үш саласы туралы танымының екінші саласы болып танылатын Абайдың шығысқа қарым-қатынасы жайлы Абайдың «батысынан шығысы басым» деген танымы қатты сыналып, аяусыз терістеліп жатты. Бұл күрделі мәселе, әсіресе, философ ғалымдар тарапынан да Абайдың шығысқа қатысы терістеліп сынға алынды. Абай мұрасының шығысқа қатысы жайлы пікір білдірген ғалымдар сыналып, бір жағынан қуғындалып әрі жазалануға дейін барды.
1961 жылы атақты жазушы өмірден өткен соң, «абайтанудың М.Әуезовтен кейінгі дәуірі» басталды. Біршама үзілістен соң жаңа буын, жас талапкерлердің ғылыми-зерттеу еңбектері басылым беттеріне шықты. Осы жаңа буын, жас толқын жастар өкілі ғылыми тұрғыдан ізденіп, жаңа таным, тың көзқарас тұрғысынан келіп, Абай мұрасының шығыстық рухани қазына көздеріне қарым-қатынасы жайлы күрделі мәселелер көтерді. М.Әуезов танымын бастапқы табиғи қалпына келтіруге қызу атсалысып, оны ғылыми ойда қалыптастырды да (М.Мырзахметов. «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. Алматы, 1982»). Мұндағы бір ескерер жағдай космополитизм туралы қаулы қатаң бақылауда тұрған кезде, сол саяси қысымнан сескенбей- ақ «Абайдың шығысы М.Әуезов зерттеуінде» деген төрт тараудан тұратын еңбектің ең үлкен тарауы 1982 жылы жарияланып кеткен еді. Тұңғыш рет бұл сала ғылыми тұрғыдан өз шешімін тауып, 1989 жылы докторлық диссертация қорғалғаннан кейін Абай мұрасының шығысына орай кандидаттық диссертациялар да қорғала бастады. Мысалы Жабал Шойынбеттің «Абай қарасөзінің жанрлық, стильдік ерекшеліктері», Мақсат Әліпханның Абай мен Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білігіне» байланысты «Құттың кілті – кісілік», Сайдалы Оразалиевтің «Абай мен Дауани», Ноябрь Кенжеғараевтың «Абайдың айтушы мен тыңдаушы туралы танымы», Тоты Көшенованың «Абай өлең құрылысындағы ерекшелік», Рахат Саламатованың «Абайтанудың Мұхтар Әуезовтен кейінгі кезеңі», Талғат Ербайдың «Абай және Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау», Айжан Картаеваның «Абай мен М.Әуезов әлеміндегі рухани сабақтастық», Қалипа Әтенованың «Қазақ отбасы тәрбиесінің даму тарихы», Иманғазы Нұрахметұлының «Ұлыстық әдебиеттен ұлттық әдебиетке дейін» секілді ғылыми монографиялары жарияланып, Абайдың шығысына байланысты күрделі мәселелер көтере отырып әр қайсысы өз үлестерін қосып жатты. Ал Мақсат Әліпхан өзінің докторлық диссертациясында адамгершілік идеясының көне грек өркениетінен бүгінге дейінгі даму жолы туралы «Қазақ әдебиетіндегі адамгершілік ілімі» деген көлемді ғылыми монографиясын 2013 жылы жариялады. Осы жолдар авторының 2014 жылы басылым көрген «Абайтанудың» аса көлемді қос томдығы (125 баспа табақ) мен «Өнер» баспасынан жарық көрген «Абай лұғаты», 2012 жылы жарияланған «Қазақ әдебиетіндегі сопылық таным», 2015 жылы «Медет» баспасында жарық көрген «Абайтану тарихы» мен «Абайды оқы, таңырқа» оқулықтары басылым көрді. Бұлардың бәрі де Абай мұрасының шығысы туралы жазылған жаңа таным, сол бағыттағы бірегей туындылар деуге болады.
Міне, 1949 жылы космополитизм туралы қатыгез қаулы Абайдың шығысына қатаң тыйым салған тақырыпты «өлермен» зерттеушілердің айтарлықтай өнікті еңбек етіп жарияланған ғылыми монографиялары абайтанудың шығысқа қатысы жайлы соны беттерін айқара ашып, біршама биік деңгейге көтере алды.
Бұл ғылыми-зерттеулер Абай мұрасының рухани нәр алған мұсылмандық шығысқа шығармашылық қарым-қатынасы жайлы ғылыми-зерттеу еңбектердің тырнақалды бастамасы ғана деп білеміз. Тәуелсіздік заманындағы қазақ жастарының араб, парсы, шағатай, түрік тілдері мен исламият тарихын жете меңгеруі арқылы Абай мұрасының мұсылмандық шығысқа қарым-қатынасы жайлы келелі де іргелі ғылыми-зерттеу еңбектері мейлінше молығып, сайланып, сапалы ғылыми монографиялық зерттеулер жаңа бағыт алғанда, ғажап құбылысты сонда көреміз. Бұл кезде Абайдың жантану ілімі мен толық адам ілімі, пәлсапалық лирикасы басқаша сөйлегенде, бұл сала ой-санадағы әлемдік рухани құбылысқа айналып, түрік халықтарының болашақ моральдық кодексінің іргетасына рухани тірек болып қаланары талассыз шындыққа айналмақ.
* * *
Соңғы жылдарға дейін Абайдың әдеби мұрасын танып-білу, оны насихаттау жұмысының бәрі де материалистік – атеистік дүниетаным негізінде зерттеліп насихатталып келгенін ешкім де терістей алмас. Өйткені шындық осылай болып тұр. Абай дүниетанымын марксистік-материалистік, жауынгер атеистік таным тұрғысынан танытудың басында қазақ философтарының айғайшы болып тұрғаны да рас. Абай туралы көркем өнер жанрында жазылған шығармалардың бәрі де социалистік релизм талабы шеңберінен шығандап кете алмағаны, өйткені оған таптық дүниетаным осылай қалқан етіп қойылғаны белгілі ғой. Себебі КПСС ОК дүниетанымдық ұстанымы марксистік-материалистік, атеистік негізде саяси идеологиялық танымды толассыз насихаттаумен айналысты. Әдебиет пен көркем өнер саласы да осы танымға бейімделді. Қалың оқырман, тыңдаушы атаулының бәрі де материалистік, атеистік таным тұрғысынан қалыптасты.
Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай дүниетанымын қазақ философтары материалист, атеист деген байламға келді әрі осы танымды бүгінге дейін ұстанып малдануда.
Абайды танып-білудегі басты кедергі оның дүниетанымының барлық саласын, яғни философиялық, этикалық, эстетикалық, саяси-әлеуметтік салаларын анықтауға келіп тіреледі. Осы салалардың бәрін де қазіргі философтар материалистік модель тұрғысынан қарастырып келеді. Осы әрекет, әсіресе, Абайдың 150 жылдық мерекесінде Қазақстан философтарының ұжымдық еңбегі «Абай дүниетанымы мен философиясы» деп аталатын арнайы ғылыми-зерттеулерінде өз көрінісін тапты. Бірақ философтардың бәрі де Абайдың жетінші қарасөзіндегі «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде Құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқан» (Абай. 2 том, Алматы, 1995, 165 бет), деген даналық сөзіне назар салмай келеді. Абай дүниетанымын танып-білуде Абай айтқан бұл ой-пікірдің мән-мағынасы, болмысы, тіпті, бөлекше өркештеніп дараланып тұр. Абай бұл пікірін ХІХ ғасырдың соңында айтуымен де ерекшеленіп тұр емес пе?
Абай «дүниенің көрінген сыры» деп бізді қоршаған материалдық әлемді айтса, «дүниенің көрінбеген сыры» деп біздің құпия сырға толы рухани әлемімізді меңзеп отыр. Бұл іспеттес терең пікірді Ясауидің «Диуани хикметінен де» ұшыратамыз:
Ілім екеу дүр: тән мен жанға
басшы тұрар,
Жан ғалымы хазіретіне жақын
тұрар.
Тән ғалымы залымдарға ұқсар ерміс.
(Ясауи «Диуани хикмет, Түркістан, 1993, 74 бет») деп ой толғауында «дүниенің көрінбеген сырымен» жан ғылымы айналысады деп кесіп айтатыны бар. Жан ғалымы көрінбейтін рухани әлем сырымен айналысса, тән ғалымы «дүниенің көрінген сырымен» бір жақты айналысып, нәпсілік жолға ұрынып, дүниеқор, дүниеқоңыз болып қалатынына назар аударатынын ашық аңғартады.
Абай айтқан дүниенің көрінген сырын ашумен айналысатындар тән ғалымы (технократ ғалымдар) болып шыға келеді де, дүниенің көрінбейтін сырын ашуға ұмтылғандар жан ғалымы болып шығады. Соның бірі хакім Абайдың өзі болғандықтан, Абай жан ғалымының ең көрнекті өкілі болып шығады емес пе? Өйткені Абай 1898 жылы жазылған 38-ші қарасөзінде жантану ілімі ой танымдары біздің заманымыздағы квантты физиктерден бір ғасырдан астам уақыт бұрын «дүниенің көрінбеген сырына» айрықша мән беруі арқылы жантану ілімімен айналысып, пәлсапалық лирикаларын жазуы ойшыл ақынның кемеңгерлік тұлғасын көрсетеді.
1501-1510 жылдар арасында Фирдоусидің «Шаһнама» дастанын қыпшақ тіліне толық аударған мамлюк қыпшақ ақыны Шәріп Әмеди:
Хақты тану жолын іздегендер,
Бұл әлемде барша аң-таң қалғандар, – деп аса жоғары бағалап ой толғауы кездейсоқ болмаса керек-ті.
Абай «дүниенің көрінген сыры» мен «дүниенің көрінбеген сырын» бірлікте қатар алып танып-білуді меңзейді.
Абай айтқан бұл даналық ойлардың дүниені танып-білуде мән-мағынасы аса терең пәлсапалық ой-танымдар «дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын» еуропалықтар ХVI ғасырда-ақ танып-білген. Бірақ олар дүниенің көрінген сырын ашып тануға, заттық игілікті молайтуға, баюға шешуші мән беруі себепті, материалистік, атеистік дүниетанымға біржолата бағыт алды. Испан ғалымы Рене Декарт болмыс пен сананы бөліп қарауға ерекше мән бере қарағандықтан «Арнайы құрылғылармен өлшеуге болатын нәрселерді ғана зерттейік, ғылым деп осыны ғана айтайық. Ал сана деген көзге көрінбейді, прибормен өлшенбейді. Бар екенін білеміз. Бірақ көзге көрінбейтін нәрсені зерттеп қайтеміз», деп, адамзаттың рухани әлемін танып-білуден теріс айналды. Мұның нәтижесі бүгінгі еуропа халықтарының мінез-құлқы жағынан бұзылып, моральдық қасіретке алып келді, әрі олар ғылымды имансыздық жолға түсірді. Яғни олар ғылым жетістігін адамзатты қырып-жоятын қару жарақ жасауға жан сала кірісті. Әлем халқын отарлап, кейбір халықты жойып, қалғандарын өз дініне зорлап кіргізіп, тілін қабылдатып, ұлттық дәстүрін жойып жаппай мәңгүрттенуге алып келді. Ресей де осы теріс жолды ұстанып, өзі жаулаған 47 түрік халықтарын қасіретке ұрындырды. Енді келіп атом, сутегі бомбасын, биологиялық, химиялық, лазерлік қару түрлерін жетілдіруде өзара бәсекеге түсіп жанталасуда...
Абай дүниенің көрінген және көрінбеген сырын үйлестіре танып-білуді мақсат тұтты. Абайдан бастап түп иені танып-білу жолында пәлсапалық лирика жанрында жантану ілімін меңгеруге, яғни дүниенің көрінбеген сырын ашып танып-білуге ұмтылды. Абай бастаған бұл дәстүрді ойшыл ақынның шәкірттері Шәкәрім, Мағжан үдере дамытып тереңдете түсті. Осы арқылы қазақ поэзиясында пәлсапалық лириканы әлемдік деңгейге көтеріп, көш бастады. Бірақ бұл танымды Кеңестік билік тұншықтырып тастады.
Енді ХХI ғасыр басында квантты физиктер танымынан кейін дүние бастауында сана тұр деген мүлде жаңа танымға келдік. Бұрынғы материалистік, атеистік дүниетанымымыз түбірінен қопарыла өзгерді. Бұл жаңа танымды кванттық физиктердің атасы, неміс ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты Макс Планктің «Ғаламды жоғары сана билейді. Күллі әлем Онымен көзге ілікпес қуат арқылы өзара байланысып тұр» деген шешуші байламға келді. Біздің «материя мәңгілік, ол өзгермейді» деген танымымыз жалған таным болып шықты. Материя – сананың туындысы деген жаңа танымға біржола бет бұрдық.
Біздер, КСРО-ға қараған түрік тілді халықтар, бүгінге дейін Дарвин ілімінен кейін дүние бастауында материя тұр деп марксистік-материалистік дүниетанымға шырмалдық. Ал енді квантты физиктер ашқан ғылымдағы мүлде жаңа танымнан кейін дүние бастауында сана тұр деген мүлде жаңа дүниетанымға келдік. Бұл құбылыс әлем халқының ой санасындағы шешуші төңкеріс болып, идеялық бағыт-бағдарымыз біртіндеп өзгере бастады. Біздер, күдіктенгіш ғалымдар, бұл жаңа танымның тез өріс алмай, тым баяу қозғалысын шыдамсыздана әрі күдіктене қараудамыз.
Енді жаңа дүниетаным тұрғысынан ойлап қарағанда, Абайдың әдеби мұрасы мен ақын дүниетанымын танып-білу жолында жүргізілетін бүгінгі ғылыми-зерттеу жұмыстарымыз қандай бағыт-бағдарда болатындығын айқындауға аса басым түрде мән беретін уақыт келді. Абайтану саласында 125 жылдық мерзімде жазылған өткендегі ғылыми творчестволық зерттеулерге де осы жаңа дүниетаным тұрғысынан қарап, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізге де сын көзбен қарап, бағалайтын боламыз. Бұл дегеніміз орасан зор қиын жұмыс болса да, қолға алатын тікелей парызымызға айналып тұр.
Ал Абай әдеби мұрасы мен дүниетанымын осы жаңа дүниетаным тұрғысынан салыстырып зерттеу жұмысына Нұр-Сұлтан қаласынан әлемдік деңгейдегі абайтану, жамбылтану ғылыми-зерттеу институты өзінің болашақ бағыт-бағдарын енді дүние бастауында сана тұр деген жаңа дүниетаным тұрғысынан жүргізуді өзінің ғылыми жоспарына негіз етіп алуы – уақыт талабы. Жалпы адамзат баласының, әсіресе, еуропалық және бұрынғы КСРО аумағындағы халықтардың дүниетанымы түбірлі өзгеріске түсіп, бұрынғы ұстанып келген марксистік-материалистік, атеистік көзқарас терістелуде. Материалистік таным бойынша, материя мәңгілік, ол өзгеріске түспейтін әлем деп келсе, ол енді дүние бастауында сана тұр деген жаңа танымға жол беріп, тарих қойнауына кетуде.
Осы жаңа дүниетаным тұрғысынан қарағанда, қазақ әдебиетінің басты саласы абайтану да өзі жүріп келген ғасырдан астам даму жолында орын алған әрқилы дүниетанымдық құбылыстары да жаңа таным негізінде қайта қаралып ғылыми қорытындылар жасалынбақ. Сондықтан абайтану саласында осы жаңа танымдық өзгерістерге тікелей байланысты соны міндеттер алға қойылып, ескірген ұғым-танымдар өзгеріп жаңа таным, соны көзқарастар үстемдік ете бастайтын заман келді. Бұл ұлы түбірлі өзгеріс мектеп пен арнаулы оқу орындары мен жоғары оқу орындарын тұтас қамтып, оларға арналған оқулық атаулының бәрі де қозғалысқа түсіп, осы жолда ұстанған дүниетанымдар жаңа дүниетанымға жол беріп тезірек жаңа таным ұстанатын дүниетаным негізінде жазылып насихатталмақ.
Білім және ғылым министрлігі біздің ұлттық болмысымыздан сырт не өлмейтін, не өшпейтін реформалар енгізіп, батысқа еліктей бергенше, енді күшті жаңа дүниетанымды тез меңгеріп салбөкселік қалыптан арылып, сілкіне жұмысқа кірісетін уақыт жеткенін ұғынып жол бастаса кәнеки?! Осы сала оңалмай шабандап тұруы көпшілікті алаңдатуда. Өйткені оны ұлттық рухы бар-жоғы белгісіз, шенеуніктер басқарды. Бұл жерге Темірбек Жүргенов тәрізді ұлттық рухы күшті арыстан министрлер келмей тұр. Өйткені төменнен көтеріліп, өткір қойылған күрделі мәселенің біріне де жауап бермей, томсарып «үндемеген үйдей бәледен құтылады» дегендей қойылған сұрақтарға үн қатпай жатып алады. Мысалы, баспасөз бетінде аралас мектеп немесе қазіргі педагогика ғылымының жүру рельсін ауыстыру туралы аса күрделі ой-пікірлерге жауап бермей жатып алуы – осының айғағы.
Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,
профессор
(Жалғасы бар)
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар