Қоғам • 21 Мамыр, 2020

586 мыңдай адамға 19 млрд теңгеден асатын АӘК берілді

164 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде осы жылдың алғашқы төрт айында 113 мың отбасыдан 586 мыңға жуық адамға жалпы сомасы 19,6 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

586 мыңдай адамға 19 млрд теңгеден асатын АӘК берілді

586 мың адамның 561 мыңы төтенше жағдай кезінде мемлекеттік инстанцияларға жүгінбестен, II тоқсанда АӘК-ті автоматты түрде алса, 25 мыңы – АӘК алуға жаңадан өтініш бергендер.

Министрліктің хабарлауынша, жәрдемақы ең алдымен құрамы, тұрғылықты мекен-жайы және табыс деңгейі өзгермеген отбасыларға тағайындалған. Ол үшін ақпараттық жүйелерден алушылардың деректерін тексеру жүзеге асырылды. Атап айтқанда, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі, жылжымайтын мүлкінің, көлігінің болуы, кірістері және басқасы тексерілді. Барлық ақпарат электрондық пошта және мессенджерлер арқылы жіберілген.

АӘК көрсетудің жаңа тетіктері шеңберінде табысы аз отбасылардағы балаларды қолдауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Яғни оларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама енгізілді. Бұл топтама жас санаттары бойынша 2 түрге бөлінеді: 1-ден 6 жасқа дейінгі және 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік және тұрмыстық химия заттарының жиынтығы берілді. Азық-түлік жиынтығына түрлі жармалар, пюре, шырындар, сүт және т.б. кірсе, тұрмыстық химия жинағына тіс пастасы, балаға арналған щетка, кір жуатын ұнтақ, шаруашылық және иіс сабын және т.б. қамтылды. Бұьл тоқсанына 1 рет ұсынылады. Ал 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға мектепте тегін тамақ беріледі, қоғамдық көлікте оқу орнына дейін жеңілдікпен жол жүреді, мектеп формасымен және мектеп керек-жарақтарымен жылына 1 рет қамтамасыз етіледі.