Қазақстан Тұңғыш Президентінің бастамасымен 2017 жылы әскери білім мен ғылымды дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын Әскери доктрина мақұлданды. Қарулы Күштер әлеуетін күшейту әркез қажет десек те, мұның бастапқы қадамы әскери ғылымды дамыту мен мамандарды жаңаша үлгіде оқытуда жатқандығы сөзсіз.

Елімізде әскери білім мен ғылымның бүгіні мен болашағына қатысты бағытта тер төгіп, осы саладағы істің ілгерілеуіне үлес қосып жатқан кәсіпорын, мекемелер баршылық. Десек те, салалық бағыттар бойынша оқу-әдістемелік құралдар әзірлеуге дағдыланған орталықтар елімізде аса көп те емес. Әскери тақырыптағы әдістемелік оқу құралдары мен басылымдардың жеткіліксіздігі әскери құрылымдарда айқын сезіледі. Тәуелсіз ел болғандықтан біз Отанын қорғайтын азаматтарымызды мемлекеттік тілдегі оқу құралдарымен толықтай қамтамасыз етуге міндеттіміз. Сондай мақсатпен соңғы бір жылдың ішінде бірнеше оқулық шықты. Бұл оқу құралдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің авторлары әзірледі.
Әскери кафедралардағы студенттердің білімін жетілдіру мақсатында «Аумақтық қорғаныс негіздері» және «Основы территориальной обороны» атты оқулықтар жарық көрді. Оқу құралдарын Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарының оқу процесінде, сондай-ақ аумақтық әскерлердің бөлімшелерімен жиындарды ұйымдастыруда қолдануға болады.
Ұлттық қорғаныс университетінің Ғылыми кеңесі мен Қорғаныс министрлігінің Аумақтық қорғаныс Бас басқармасы басып шығаруға ұсынған оқу құралы ұжымдық еңбек болып табылады.
Тағы бір айта кетерлігі, аталған оқу құралдары Ұлттық қорғаныс университетінің Ғылыми кеңесінде қызу талқыланып, Қарулы Күштердің Аумақтық қорғаныс Бас басқармасында қаралды. 2019 жылғы 26-30 наурыз аралығында аумақтық армияны қорғау ротасымен бірге «Қорғау–2019» арнайы тактикалық оқу-жаттығуында сыналды. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің сараптамасынан өтті.
Осы тұрғыда университеттердің әскери кафедраларымен белгілі бір деңгейде ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, тиісті бағдарламалар мен оқулықтар зерттеліп, мониторинг жасалды. Нәтижесінде, елдің әскери оқу орындарында жаңа буын оқулықтарының жоқтығы анықталды. Әскери кафедраның мәжілісі өткізіліп, онда мамандар оқу құралдарын талқылады. Әрине оқу құралдары барлық тиісті процедуралардан өтті: олар Кітап палатасында тіркеліп, Әділет министрлігінен авторлық куәліктер алынды, оқу құралдары мақұлданып, Республикалық оқу кеңесінде баспаға ұсынылды. Осындай шаралардан кейін оқу құралдары жыл бойына сынақтан өтіп, оң пікірлерге ие болды.
Әскери кафедралардағы білім беруді жетілдіру мақсатында сержанттар мен запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы негізінде «Жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарындағы әскери дайындық» деп аталатын үш бөлімнен тұратын оқулық дайындалды. Бұл оқу-әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасына сәйкес әзірленді. Мұнда Қарулы Күштердің жалпы құрылымы мен ұрыс құрамының негізгі түрлеріндегі құрлықтық күштер бөлімшелерінің іс-қимылдары тактикасы түсіндіріледі. Сонымен қатар командирлердің бөлімшелерді басқаруындағы іс-әрекеттері, қару-жарақ пен әскери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамалары, байланыс және инженерлік қамтамасыз ету сынды мәселелері жан-жақты баяндалады. Оған қоса, жаппай қырып-жою қаруынан қорғану мен қорғау, взвод командирінің оларды жүргізу кезінде басқару жөніндегі іс-әрекеттері туралы жазылған.
Ендеше, «Жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарындағы әскери дайындық» атауымен басылып шыққан 3 бөлімді кітаптың І бөлімі әскери кафедраларда оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Сондай-ақ әскерлердің оқу процесінде қатардағы және сержанттық құрамның жалпы әскери пәндер бойынша білімін, дағдылары мен іскерлігін жетілдіру мақсатында қолданылады. Ал жалпы тактикаға негізделген ІІ бөлімі əскери кафедраларда запастағы офицерлерді даярлайтын оқу бағдарламасына сəйкес əзірленген. Осы бағытта білім алушы студенттер мен жоғары əскери оқу орындары курсанттарына білім беру үрдісінде қолданылуға арналған. Оқу құралында заманауи жалпы əскери ұрысқа дайындауды ұйымдастырудың жəне жүргізудің негізгі мәселелері мазмұндалады. Сондай-ақ бөлімше, взвод, рота командирінің ұрысты ұйымдастыру жəне ұрыс барысында бөлімшелерді басқару бойынша іс-əрекеттері қарастырылады.
Жалпыәскери пәндер бойынша ІІІ бөлім оқулығы әскери кафедраларда барлық мамандықтар бойынша запастағы офицерлерді даярлайтын оқу бағдарламасына сәйкес білім алатын студенттерге арналған. Сонымен қатар кафедраларда əскери оқу орындарында курсанттарға білім беру үрдісінде қолданылуға бағытталған. Оқу құралында кеңейтілген көлемде «Əскери құқық», «Əскери дайындық негіздері «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыəскери жарғылары», «Саптық дайындық», «Тактикалық дайындық», «Əскери топография» пəндері бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мəселелері басқарудың тактикалық буыны офицерлердің практикалық қызметіне сәйкес мазмұндалған.
Ал «Основы воинской службы» және «Әскери қызметтік негіздері» атты оқу құралы әскери дайындықтан өткен запастағы дайындық бағдарламасындағы студенттерге арналған. Оны әскери қызметшілерді даярлау бөлімшелеріндегі әскери дайындықта қолдануға болады. Ұсынылған оқу құралы арнайы пәндерді тиімді оқып-үйренуге және Қарулы Күштерде қызмет етуге қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды шыңдауда берері мол.
Жастарды әскери патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мен білікті мамандармен қамтылу деңгейіне үлес қосқан орталық ретінде «Білім-2050» республикалық шығармашыл мұғалімдер қауымдастығы мен «Самғай біл» ЖШС-нің авторлар тобының ұжымдық еңбегінің бір бөлігі ғана. Бүгінде аталған ұжым оқытудың мазмұнын жаңартуда жалпы және жоғары білім берудің барлық пәндері бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеп, шығаруда.
Гүлзада ОРАЗОВА,
«Білім-2050» республикалық шығармашыл мұғалімдер қауымдастығының төрайымы
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар