Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Маңғыстау: Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыруға 34 млрд теңге бөлінген

275 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай режимі кезеңінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында Жұмыспен қамтудың жол картасы жасақталып, бекітілді. Қабылданған Жол картасының негізгі мақсаты - жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру және табыстың болуын қамтамасыз ету, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасау, деп баяндаы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте МО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының м.а. Жайсаңгүл Досполова.

Маңғыстау: Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыруға 34 млрд теңге бөлінген

Маңғыстау облысында Жол картаны іске асыруға 34 млрд теңге қарастырылып отыр. Жалпы алғанда 144 жоба қамтылады және 8 495 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Ол жобаларды жүзеге асыру кезінде уақытша жұмыспен қамтуды ғана емес, тұрақты жұмыс орындарын құруға да мүмкіндік береді.

Жол картасы келесі жұмыстар мен нысандар түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды қарастырады:

  • әлеуметтік–мәдени нысандары – 63 жоба (8,6 млрд теңге). Бұл жобаларда 2 829 жұмыс орны құрылады және 1 387 адамды халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылады;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары – 37 жоба (13,2 млрд теңге). Бұл жобаларда 2 829 жұмыс орны құрылады және 1 414 адамды халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылады;
  • инженерлік-көлік инфрақұрылымы нысандары – 30 жоба (7,5 млрд теңге). Бұл жобаларда 1 382 жұмыс орны құрылады және 792 адамды халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылады;
  • елді мекендерді абаттандыру бойынша – 13 жоба (4,6 млрд теңге). Бұл жобаларда 1 455 жұмыс орны құрылады және 753 адамды халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылады.

Жол картасы шеңберіндегі жобаларға қатысу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінулері қажет.

Ақтау қаласында 49 жоба, Жаңаөзен қаласында 19 жоба, Бейнеу ауданында 12 жоба, Қарақия ауданында 18 жоба, Маңғыстау ауданында 17 жоба, Мұнайлы ауданында 9 жоба және Түпқараған ауданында 20 жоба іске асырылады деп жоспарланды.

Бүгінгі күні 144 жобаның 142 жобасына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, 130 жоба бойынша конкурстық процедуралары аяқталды.

- Қазіргі таңда, 80 жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп бастады. Бұл жобаларға барлығы 3587 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1346 адам халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы, дейді Ж.Досполова.

 

 

Маңғыстау облысы