Қазақстан • 22 Мамыр, 2020

«Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін жаңа қағидалар қабылданды

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін жаңа қағидалар қабылданды
  • Басым мамандықтар тізбесі еңбек нарығындағы қажеттіліктер болжамын ескере отырып қалыптастырылады
  • Үміткер алдымен шетелдік жоғары оқу орнына түсуге және одан шақыру алуға тиіс
  • Болашақтықтар халықаралық рейтингтер үздігіндегі шетелдік ЖОО-ға ғана жіберіледі
  • Тағылымдамадан өту үшін ғылыми орталықтар мен зертханаларға баруға болады, ғалымдар үшін стипендиялардың жекелеген саны қарастырылған
  • GPA талабы тоқтатылады
  • Үміткер 6 турдың орнына 3 турдан (кешенді тестілеу, ТСК және Республикалық комиссия) өтеді
  • Шет тілі білімінен тест тапсырудың қажеті жоқ. Мемлекеттік тілді меңгергендігін Қазтест сертификаты растайды
  • Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерінің саны 3-тен 5-ке дейін артады, үміткерлермен әңгімелесу автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі
  • Ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер үшін Қазақстанда алдын ала тілдік дайындық өткізіледі
  • Барлық квоталық санаттар жойылды