Парламент • 22 Мамыр, 2020

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап Мәжіліс заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды бастайды.

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Елімізде орын алған карантин режимі Мәжіліс депутаттарының жұмыс нысанын өзгерткенімен, оның мазмұнына әсер еткен жоқ. Осы тұрғыда маңызды заң жобаларын талқылау, халықты толғандыратын мәселелер бойынша әзірленген депутаттық сауалдар бұрынғыдай жүйелі түрде журналистерге ұсынылуда.

Сондықтан биыл да БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Мәжіліс «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздарын анықтайтын болады.

Арнайы парламенттік сыйлық 2016 жылы Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Мәжіліс Бюросының шешімі бойынша тағайындалған.

Атаулы сыйлыққа Палата­ның заң шығарушылық қыз­меті жайында 2019 жылдың 3 қыр­күйегі мен 2020 жыл­дың 15 мау­сымы аралығында жазылған және жарық көр­ген материалдар қабыл­данады.

Жеңімпаздар Мәжі­лістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, ғаламтор мен радиоматериалдар, сонымен бірге, фото және бей­не-материалдар бойынша анық­талады. Сондай-ақ Қазақстан парламенттік журна­листи­касының дамуы мен өркендеуіне үлес қосқандар да ескерілетін болады. Өтінімдер 2020 жылдың 22 мау­сымына дейін қабылданады.

Қосымша ақпаратты Мәжілістің www.parlam.kz ресми сайтынан алуға болады.