Нұр-Сұлтанда құжат қабылдау 1 маусымнан басталады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауысудың автоматтандырылған мемлекеттік қызметі әзірленді, деп хабарлады бүгін брифингте Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.
Ата-аналарға порталдың «Білім» бөліміне кіріп, «Орта білім», мектепке кіріп, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті. Құжат тапсыру үшін күтудің ең ұзақ уақыты – 15 минут. Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны – электронды. Ата-ананың «жеке кабинетіне» баланы қабылдау туралы хабарлама немесе себептері көрсетілген дәлелді бас тарту келеді. Ол үшін небәрі төрт-ақ құжат керек: баланың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен өтініш (еркін нысанда), баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, 026/у-3 «Баланың денсаулық паспорты» нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат, 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат, сондай-ақ 3х4 көлеміндегі екі фотосурет. Мектептің қабылдау комиссиясының ешқандай қосымша құжаттарды сұратуға құқығы жоқ екеніне тағы да назар аударғым келеді», – деді Ш.Қадырова.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін порталға қосымша педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы электронды түрде (сканнұсқа, фото) заңды өкілдердің келісімімен ұсынылады. Құжаттарды қабылдау 1 маусымнан басталады. Жаңа оқу жылына дайындық мақсатында 17 тамыздан бастап мектептерде ата-аналардың қалауы бойынша ақысыз негізде жазғы мектеп жұмысын өткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар биыл арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау емтихандары 2020 жылдың 18 маусымынан бастап өткізілетін болады.
Құжаттарды қабылдау 15 мамырдан 17 маусымға дейін электронды форматта жүзеге асырылады.
«Біз басқарманың ресми сайты мен әлеуметтік желілерде кез келген өзгерістер туралы қосымша хабарлайтын боламыз», – деді Ш. Қадырова. Сонымен қатар ол техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау туралы айтты.
Биыл колледждерге құжат қабылдау автоматтандырылған және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www.egov.kz порталында талапкерлер, ата-аналар немесе заңды өкілдері білімі туралы құжаттың электронды көшірмесін және фотосуреттерін қоса бере отырып, электронды нысанда өтініш бере алады. Қажетті медициналық анықтамалар елді мекендерді қоспағанда, Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынатын болады.
Сондай-ақ құжаттарды портал арқылы тапсыру кезінде талапкердің жатақханада орын алу және тегін тамақтану мүмкіндігі бар. Себебі талапкердің ЖСН бойынша әлеуметтік мәртебесі анықталады. Қабылдау комиссиялары құжаттарды қарау қорытындысы бойынша талапкерлерге құжаттарды қабылдау, конкурс және арнайы емтихан өткізу күні туралы хабарлама жібереді.
Осы жылы аттестаттаудың жаңа форматы бойынша мектепке дейінгі, қосымша білім беру педагогтары мен техникалық және кәсіптік ұйымдардың педагогтары алғаш рет тестілеуден өтеді. Тестілеуден өту үшін педагог электронды тіркеуден өтеді және өту күні мен уақытын дербес таңдайды.
Тестілеуден сәтті өткеннен кейін қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалы жинақтау жүргізіледі. Сарапшылар тобы е-портфолио бағдарламасы бойынша қашықтан педагогтің аттестаттау кезеңіндегі жұмысының қорытындысына баға бере алады.
«Оқу жылының басында аттестаттау комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда педагог еңбекақыға 30-50% үстемақы алады», – деп атап өтті Ш. Қадырова.
Тестілеуге өтініш беру шамамен 23 мамырдан басталады.
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар