Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Үстел теннисінен жұптық жарыстар өткізілмеуі мүмкін

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық үстел теннисі федерациясының президенті Томас Вайкерт соңғы сұхбаттарының  бірінде үлкен өзгерістер болуы мүмкін екенін мәлімдеді деп жазады Olympic.kz. 

Үстел теннисінен жұптық жарыстар өткізілмеуі мүмкін

Вайкерттің айтуынша, COVID-19 індетіне қарсы вакцина табылғанша аралас және жұптық разрядтағы турнирлерден жарыс өткізбеу жоспарланулда. 

2020 жылғы спорттық маусымда әлеуметтік ара қашықтықты сақтау ережелеріне қатаң бақылауға алынатындықтан, федерация осындай қадамға бармақ. 

Сондай-ақ Германияда үстел теннисінен жарыстар қайта басталуы мүмкін. Бірақ жарыс көрерменсіз өтеді.