23 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Петропавл қ: күндіз 23 мамырда найзағай күтіледі, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз 23 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
23 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 18 м/с күтіледі.
Қостанай қ: 23 мамырда оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
23 мамырда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.
Орал қ.: 23 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі.
23 мамырда Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз 23 мамырда Ақтөбе облысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе қ.: 23 мамырда күндіз оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
23 мамырда Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
Атырау қ: күндіз 23 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %