Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Тосқауыл бекетіндегі көлік апаты: Екі тәртіп сақшысы тіл тартпай кетті

2256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін таңғы сағат 5 шамасында Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Көксай шағын ауданының аумағында көлік апаты болып, қапелімде екі тәртіп сақшысы тіл тартпай кетті.

Тосқауыл бекетіндегі көлік апаты: Екі тәртіп сақшысы тіл тартпай кетті

Оқиға қала шекарасындағы тосқауыл бекетінде болған. Қатты жылдамдықпен келген «БМВ» автокөлігінің жүргізушісі жол бойындағы бетон қабырғаға соғылып, бекетте кезекшілік атқарып тұрған полиция көлігіне барып түйіскен. Көлікте екі тәртіп сақшысы болған екен. Тосын соққыдан полиция лейтенаты, 42 жастағы Ж.Жанғазиев есін жимаған күйі қайтыс болса, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген екінші тәртіп сақшысы да жарақат салдарынан қайтыс болды.

Адам өліміне апарып соққан оқиғаға орай Алматы қаласының полициясы қылмыстық іс қозғап, «БМВ» автокөлігінің 1992 жылы туған жүргізушісін тұтқынға алды. Ол Алматы облысы, Қарасай ауданының тұрғыны болуы мүмкін. Тергеу жүріп жатыр.

 

Алматы облысы