Қоғам • 26 Мамыр, 2020

Өтініш арқылы шеруге шыға аласыз - сарапшы

218 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Пандемия жағдайы – оның мемлекеттер экономикасына тигізетін теріс әсерін ескерсек, бүгіннің ең өзекті мәселесі – экономиканы әрі қарай дамытуға назар аудара отырып, әлеуметтік-саяси өмірді жаңғырту. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл процестердің синергиясының маңыздылығын атап өтті. Экономикалық өсудің жаңа сапасына қол жеткізу әлеуметтік-саяси жүйедегі ілгерілеумен қатар жүруі тиіс.

Өтініш арқылы шеруге шыға аласыз - сарапшы

Заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда, кеше Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Респуб­ли­касындағы бейбіт жина­лыс­тарды ұйымдастыру және өт­кі­зу тәртібі туралы» Заңның қа­был­дануы елдің қоғам­дық-саяси өмірінде маңыз­ды рөл атқа­рады. Яғни митингтердің жа­ңа мәдениетін қалып­тас­тыру­ға ықпал етіп, қоғамдық тәртіп­ке зиян келтірмей қазақстан­дық­тардың азаматтық белсенділігін танытуы үшін жағдай жасайды.

Жаңа Заң тұжырымдамалық аппаратты нақтылап, негізгі ұғым­дарды реттейтінін атап өткен жөн. Бұл заңның дұрыс түсіндірілуіне мүмкіндік береді. Бір айта кетерлігі, 1995 жылғы «Қа­зақ­­стан Республикасында бейбіт жи­налыстар, митингілер, ше­рулер, пикеттер мен демонс­тра­­циялар ұйымдастыру және өткі­зу туралы» заңда тұжы­рым­да­малық аппарат болған жоқ.

Егер бұрынғы заң бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізуді алдын ала рұқсат алу негізінде мүмкін деп таныса, Мемлекет басшысы қол қойған жаңа заң бейбіт жиналыстарды ұйымдастырудың және өткізудің хабарламалық және өтініш беру жүйесін қарастырады. Соңғы жаңартуларға сәйкес, пикеттер, жиналыстар, митингтерді ұйым­дастыру және өткізуде хабарламалар жүйесі, ал демонстрациялар, шерулер ұйымдастырылған жағдайда өтініш беру жүйесі енгізілді.

Президент қол қойған заңда бейбіт жиналыстарды ұйым­дас­тырушы мен қатысушының құқық­тары мен міндеттері толық­қанды қарастырылған. Ұйым­дас­тырушы немесе ұйымдас­ты­рушының өкілі болмаған жағ­дайда бейбіт жиналыстар өткізу­ге жол берілмейді.

Жалпы алғанда, заңның қа­был­дануы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде көтеріліп және ел Пре­зидентінің қолдауымен жүзеге асырылған саяси реформа­лар пакетіндегі маңызды тарау­лар­дың бірі болды.

 

Жанна КАРИМОВА,

Президент жанындағы ҚСЗИ-дің Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы