Қоғам • 26 Мамыр, 2020

Жүйеге жаңа серпін береді - Төлеутай Рақымбеков

148 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды. 2019 жылдың желтоқсанында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент жария еткен сая­си реформаларды әрі қарай дамытудағы, демократия жо­лындағы іс-шара ретінде осы екі заңға өзгертулер мен толық­тырулар енгізу қажеттігін жариялаған болатын. Көріп отырға­ны­мыздай, реформалар жүзеге асып, өзгертулер енгізіле бас­тады.

Жүйеге жаңа серпін береді - Төлеутай Рақымбеков

2016 жылдың наурызында елімізде Парламент Мәжі­лісінің және мәслихат депут­тарының сайлауы өтті. Рес­публика Консти­ту­ция­сында де­путаттардың өкілеттігі 5 жыл деп көрсе­тіл­ген.

Сон­дық­тан келесі кезек­ті сайлау 2021 жылдың нау­рыз айынан кешіктірілмей өтуі тиіс. Де­мек, саяси партия­лар­дың ендігі сайлауына 10 айдай уақыт қалды. Келесі мәс­лихат депутаттарын сайлау ерекше болмақ. Өйткені депу­таттар партия ұсынған тізім бойынша сайланады.

Осы­ған орай аудандарда, облыс­тарда, қалаларда сайлау өткізудің маңызы арта түседі деп ой­лаймын. Бұған қоса, партия тізімін ұсынған кезде онда­ғы әйелдер мен 29 жасқа толма­ған жастардың үлесі 30 пайыз­дан кем болмауы тиіс. Бұл әйелдер мен жастарға үлкен жол ашпақ.

Дәл осы заң жобаларын Пар­­ламент қабырғасында тал­қылау барысында партиялық тізімге енетін әйелдер мен жастардың үлесі 50 пайыздан асуы керек деген тақырыпқа қатысты да қызу пікірталас болды. Заңда әйелдер мен жастардың үлесі 30 пайыздан шектелсін делінбеген. Бұл – ең төменгі көрсеткіш.

Олардың үлесі 34, 45, 55 па­йыздан жоғары болса да шектеу қойылмайды. Ме­нің­ше, алдымыздағы сайлау өте қызықты өтеді. Оның ішін­­де мәслихат депутаттарының пар­тия­лық тізіммен сай­лануы сайлауға жаңа серпін береді.

 

Төлеутай РАҚЫМБЕКОВ,

Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының басқарма төрағасы