Қазақстан • 26 Мамыр, 2020

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 гектар алаңға егу жоспарланған

321 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы жайында баяндады.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 гектар алаңға егу жоспарланған

«2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 га алаңға егу жоспарланды. Бұл 2019 жылғы деңгейден 238 мың га көп. Бұл ретте импорттың орнын басу үшін жоғары рентабельді дақылдар пайдасына егіс алаңдарының құрылысын әртараптандыру мәселесіне ерекше назар аударылады. Осылайша осы жылы майлы дақылдардың алаңы 122,2 мың гектарға, көкөніс дақылдарының алаңы 10 мың гектарға, бақша дақылдарының алаңы 1,5 мың гектарға, картоп алаңы 7,8 мың гектарға, азықтық дақылдардың алаңы 308,6 мың гектарға, қант қызылшасының алаңы 2,4 мың гектарға ұлғаяды», - деді Сапархан Омаров.

Оның айтуынша дәнді дақылдар алаңы 14,9 млн гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 191,6 мың гектарға кем.

«Бұл егін алқаптарын диверсификациялау бойынша қойылған мақсаттарға толығымен сәйкес келеді. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын егу республиканың барлық аймақтарында жүргізілуде. Атап айтқанда дәнді және бұршақты дақылды 9,6 млн гектарға немесе жоспарланған алаңның 65 пайызына, майлы дақылдар 2,3 млн гектарға немесе 76 пайызына, көкөніс  бақша дақылдары мен картоп 400 мың гектарға немесе 85 пайызға, қант қызылшасы 20,5 гектарға немесе 93 пайызға егілді», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, оңтүстік өңірде, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау облыстарында егін жұмыстары аяқталуға жақын.

«Қазгидрометтің болжамына сәйкес мамырдың үшінші онкүндігі жаңбырлы болады деп күтілуде. Әсіресе бұл Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына қатысты», деді ол.