Аймақтар • 26 Мамыр, 2020

Жұмыспен қамту орталығына келген тұрғындар дезинфекциялық туннелден өтіп жатыр

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы 25 мамырдан бастап барлық санитарлық және эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, азаматтарды қабылдауды бастады.

Жұмыспен қамту орталығына келген тұрғындар дезинфекциялық туннелден өтіп жатыр

Ғимараттың сыртына арнайы шатырлар орнатылып, арақашықтығы сақталған орындықтар қойылды. Одан бөлек, кіреберісте дезинфекциялық туннель жұмыс істеп тұр. Әр кірген адамның дене қызуы арнайы аппаратпен жіті бақылануда.

Қазіргі таңда азаматтарға әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша кеңестер беріліп, қажет болған жағдайда құжаттар қабылдануда.

Айта кетейік, орталық 26 наурыздан бастап қашықтан жұмыс істеуге көшкен болатын. Осы аралықта 15 мыңға жуық азамат АӘК бойынша электронды түрде құжаттарын рәсімдеген.

Ал, бүгінгі таңға дейін 4 мың адам орталық арқылы тұрақты жұмысқа орналасып, 2 500 азаматқа қоғамдық және практикалық жұмыстарға жолдама берілген.