01 Қазан, 2013

Мексика көшелерінде қолтырауындар өріп жүр

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01 10-Meksika krokodiliМексиканың Акапулько саяжайында соңғы бірнеше күнде құтқарушылар 8 қолтырауын ұстаған. Бұл туралы «Ассошиэйтед Пресс» агенттігінің ақпарына сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

Қала көшелерінде қолтырауындар жуырда орын алған «мануэль» мен «ингрид» дауылдарынан кейін пайда болып отыр. Ең үлкен үш метрлік қолтырауын Акапулько қаласының жағажайында ұсталды. Бауырымен жорғалаушылардан жапа шеккендер де бар көрінеді. Тіпті көршілес Оахака штатында қолтырауын шабуылынан жас бала қаза тапқан екен.

Мексика билігінің берген мәліметіне қарағанда, апаттан зардап шеккен аудандардан 28 қолтырауын ұсталған.

Айдар Өрісбаев.