01 Қазан, 2013

Америкада қазақ жігіті қаза болды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01 10-Talgat OrimbayevАмериканың Чикаго қаласында еліміз азаматы Талғат Орымбаев қайтыс болды. Бұл туралы «tengrinews.kz» хабарлады.

14 қыркүйекте 53 жастағы АҚШ азаматы Терри Сэмс оны Чикаго қаласы көшелерінің бірінде өзінің автокөлігімен қағып кеткен. Сол мезетте ол жедел жәрдем шақырып, жігітті ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің айтуы бойынша, Т. Орымбаевтың алған жарақаттары ауыр болғандықтан, оның жағдайын түзеуге еш мүмкіндік болмаған.

Қазақстанның Америкадағы Елшілігінің өкілі Чикаго қаласына барып, марқұмның отбасына көмек көрсетуде. Мүрдені елге жеткізуге қатысты барлық қаржылай шығындар еліміз Сыртқы істер министрлігінің есебінен өтелетін болды.Сондай-ақ АҚШ-тағы қазақстандық диаспора өкілдері де Т. Орымбаевтың отбасына көмек ретінде 16 мың доллар шамасында қаржы жинап берген екен.    

Айдар Өрісбаев.