Тараз қаласында «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХІІ конференциясы болып өтті. Облыс саяси өміріндегі осы маңызды басқосуға партияның жергілікті ұйымдарынан сайланған 401 делегат қатысты.
Тараз қаласында «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХІІ конференциясы болып өтті. Облыс саяси өміріндегі осы маңызды басқосуға партияның жергілікті ұйымдарынан сайланған 401 делегат қатысты.
Конференция делегаттарының алдында партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Қанат Бозымбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясындағы жаңа міндеттер мен «Нұр Отан» ХДП «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында!» жаңа Саяси доктринасы туралы баяндама жасады. Партия доктринасында: «Мемлекет әрқашан адам және оның мүддесі мен оған деген қамқорлықты басты назарда ұстауы керек», деп атап көрсетілген. Осы орайда, жыл басынан бері партия 3572 өтініш қарапты. Оның 52,5 пайызы оң шешімін тапқан. Ал 2316 өтініш бойынша тиісті кеңестер берілген.
Өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуында соңғы 3-4 жылда үлкен өзгерістер байқалады. Мысалы, білім беру жүйесін қаржыландыруға 64,1 миллиард теңге бөлініп, оның 5,5 миллиард теңгесі білім беру нысандарының құрылысына қарастырылған. Қазіргі таңда облыс бойынша 3245 орынға арналған 12 мектептің құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы зор денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға ағымдағы жылы 36,4 миллиард теңге қарастырылып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,3 пайызға артық болған. «100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде 200 төсектік қалалық балалар ауруханасы пайдалануға берілген. 300 төсектік қалалық үлкендерге арналған аурухананың құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар, облыста 13 дәрігерлік амбулаторияның, 7 медициналық пункттің құрылысы жүргізілуде.
Алда Астана қаласында «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХV съезі өтеді. Онда партияның «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында!» атты жаңа Саяси доктринасының жобасы қабылданады. Доктринада партияның әлеуметтік саясатының негізгі өмір сапасының әлемдік стандарттарға сай азаматтарды әлеуметтік қызметтердің базалық қоржынымен қамтамасыз етуге негізделген: сапалы білім, денсаулық сақтау, таза ауыз су, лайықты зейнетақы және экологиялық қолайлы өмір жағдайы деп көрсетілген.
Конференция делегаттары «Нұр Отан» ХДП Саяси доктринасының жобасын қолдап, оны партияның ХV съезінде қабылдауға үн қосу үшін 88 делегат сайлады.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.