Талдықорғанда «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының кезектен тыс ХІІІ конференциясы болып өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясының жергілікті өкілдері қатысты.
Конференцияға партия Саяси кеңесінің мүшесі ретінде, партия басшылығының тапсыруы бойынша келіп отырмын. «Қазақстан-2050» Стратегиясынан туындайтын міндеттер партия қызметінің басты бағытын айқындап алуды қажетсінеді.
Талдықорғанда «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының кезектен тыс ХІІІ конференциясы болып өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясының жергілікті өкілдері қатысты.
Конференцияға партия Саяси кеңесінің мүшесі ретінде, партия басшылығының тапсыруы бойынша келіп отырмын. «Қазақстан-2050» Стратегиясынан туындайтын міндеттер партия қызметінің басты бағытын айқындап алуды қажетсінеді.Қазақстан экономикасы барлық сала бойынша еселеп өсуде. Жұмыссыздық деңгейі 7-ден 5,4 пайызға төмендеді. Халықтың әл-ауқаты жақсаруда. Ғаламдық рейтингте әлемнің алғашқы 50 мемлекетінің қатарына енді. Адам құқығын қорғау, заңдылықты бұзбау, отбасының берекесін кіргізіп, салт-дәстүрлерімізді жаңғырту, қоғамдағы келісімді сақтау – Доктрина жобасының негізгі бағыттары. Халқының ана тілін, тарихын, мәдениеті мен дәстүрін дәріптейтін ұлт қана өркендей алады. Қоғамымызда бірлікті, тұтастықты сақтаудың негізі отбасы болып табылады. Мәдениет және руханият ұлтты біріктіреді. Оған сан алуан өнер атаулының жай ғана жиынтығы деп қарамау керек. Бұл тұрғыдан алғанда, Алматы облысын үлгі тұтуға болады. Жетісулықтар әлеуметтік-экономикалық жағынан қалыпты даму бағытында келеді. Өнеркәсіпте, аграрлық секторда өнім өндіру жағынан ілгерілеушілік бар. Мал саны арта түскен. Қорыта келгенде, партия өңірлерді өркендету арқылы мемлекетімізді нығайту саясатын ұстанып, ел мүддесін қорғап, халық игілігіне жарауда, деді конференцияға арнайы келіп қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов.
Өз кезегінде «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғазы Қошанбеков сөз сөйледі. Онда партияның болашағына байланысты тың өзгерістер мен жаңалықтар іске асырылғаны, партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің облысымызда болған сапарында берген бір тапсырмасы бойынша Көксу ауылшаруашылық колледжінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға жергілікті бюджеттен 5,6 млн. теңге бөлінгені, «Балапан» бағдарламасы бойынша өңірдегі кәсіпкерлерді қатыстыра отырып, жыл соңына дейін жалпы 17 жеке меншік балабақшалар ашылып, 1150 орын іске қосылатыны атап айтылды.
Жиында сондай-ақ, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында!» атты партияның Саяси доктринасы талқыланып, «Нұр Отан» ХДП XV съезіне өңірден 111 делегат сайланды. Конференцияға Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушы Амандық Баталов қатысып, облыстық деңгейдегі бірқатар мәселелер де қаралды.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.