«Жолаушылар тасымалы» АҚ жүрдек жолаушылар пойыздарында қызмет көрсету жағдайларын жасау және оның қолжетімділігін арттыру бағытында мақсатты жұмыстар жүргізуде.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жүрдек жолаушылар пойыздарында қызмет көрсету жағдайларын жасау және оның қолжетімділігін арттыру бағытында мақсатты жұмыстар жүргізуде.
Үстіміздегі жылдың 1 қазанынан және жолаушылар пойызы қозғалысының 2014-2015 жылдарға арналған жаңа кестесін енгізгенге дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ №19/20 «Атырау-Астана», №63/64 «Астана-Семей», №77/78 «Алматы-Атырау» және №87/88 «Ақтөбе-Астана» пойыздарының «Гранд» (СВ) және «Бизнес» (купе) класты вагондары тарифтеріне демалыс күндері де (мереке қарсаңындағы және мереке күндерінен басқа) жұмыс күндеріндегідей жеңілдіктер енгізеді.
«Гранд» класындағы (СВ) «Тұлпар» вагонында санузельмен және дербес душ кабинасымен жарақталған 2 орындық купе болады. «Бизнес» класты вагондарда (екі орындық, дербес санузельсіз) креслоның шынтақ қойғыштарының астында ашылмалы үстелшелер орнатылады. Әр купе пойыз жолсерігімен байланысу үшін телефонмен жабдықталған.
«Егемен-ақпарат».