Қоғам • 02 Қазан, 2013

Қысты қаймықпай қарсы алады

1200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласына қарасты Өмірзақ ауылындағы «Приморский» тұрғын үй алабында елді-мекендер арасындағы магистральды газ құбыры іске қосылды. Бұрын бау-бақша серіктестігі болған бұл өңірде инже­нерлік инфрақұрылым саяжай үйлері мен бағбан­дыққа қызмет көрсетуге лайықталған еді.

Ақтау қаласына қарасты Өмірзақ ауылындағы «Приморский» тұрғын үй алабында елді-мекендер арасындағы магистральды газ құбыры іске қосылды. Бұрын бау-бақша серіктестігі болған бұл өңірде инже­нерлік инфрақұрылым саяжай үйлері мен бағбан­дыққа қызмет көрсетуге лайықталған еді.2009 жылы «тұрғын үй алабы» мәртебесін алысымен-ақ ондағы тұрғын үйлердің саны артты. Қазіргі таңда 600-ден астам тұрғыны бар елдімекенге бұрынғы қолда­ныс­тағы инфрақұрылым жеткіліксіз болып, қуатты инженерлік желілер жүргізу қажеттілігі туындады.

Осы, яғни газдандыру, электрлендіру, ауыз су құбыры, кәріз желісін жүргізу мақсатындағы жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға жергілікті бюджеттен 15,4 млн. теңге бөлінсе, мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес жобаның құны 1 млрд. 247 млн. теңгені құраған. Үйді жылытып, ас-су әзірлеуде газдың қаншалықты маңызды екені белгілі, сондықтан тұрғын үй алабының өкілдері тиісті орындарға бірінші кезекте газдандыру мәселесін қарастыру жөнінде өтініш білдірген. 2013 жылы республикалық бюджеттен 257,757 млн. теңге бөлінді.

Нәтижесінде тұрғындар көптен күткен көңілді күн де келіп жетті – Приморскийге ұзындығы 14 мың метрлік газ құбырын тарту жұмысы толықтай аяқталды. Енді тұрғындардың «Ақтаугазсервис» АҚ-тың қызметін пайдалануға толық мүмкіндігі бар.

Қыс қыр астында тұр. Приморскийлік тұрғындар енді қысты қаймықпай қарсы алатын болды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы.