Қоғам • 28 Мамыр, 2020

Жұмыс орнын көп ашқан әкім қызметінде қалады

281 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде бұдан 11 жыл бұрын, яғни 2009 жылдары болған қаржылық дағдарыс кезінде ең алғаш рет қабылданған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы оң нәтиже бергенін іс басында жүрген азаматтар жиі айтып жүр.

Жұмыс орнын көп ашқан әкім қызметінде қалады

Пандемия салдарынан бұрын-соңды болып көрмеген жойқын дағдарыс тұсында бұған дейінгі тәжірибеде өзін-өзі толығымен ақтаған бағдарламаның екінші тынысы ашылып отырғаны қуанышты жайт. Әрі 2020-2021 жылдары тұрғындарды жұмыспен қамтуда әлеумет­тік маңызы өте жоғары іске республика бойынша таба­ны күректей 1 трлн теңге бөлінгені де атап айтуға тұрар­лық мәселе.

Ал Ақтөбе облысында қа­й­­тадан жаңғыртылған жол картасына сәйкес бөлін­ген қаражаттың мөлшері 46,3 млрд теңгені құрай­ды. Бұл қомақты сома әр түрлі сипаттағы 302 жобаны жүзеге асыруға негіз қалайды. Әрі шамамен 12 мыңға жуық жаңа жұмыс орнының ашылуы­на септігін тигізбек. Мұны аз деуге де, көп деуге де болмайды. Белгіленген жұмыс орын­дарының басым көпшілігі уақытша болса, оның белгілі бір бөлігін тұрақты жұмыс орындары құрамақ.

Қазіргі таңда көрсетілген 302 жобаға түгелге дерлік кон­курс жарияланған. Со­ның ішінде 262 жобаның мерді­герлері анықталыпты. Ал 202 жоба бойынша жұмыс басталып кеткен. Сонымен бір мезгілде 680 жұмыс орны ашылып, жұмыссыз жүр­ген тұрғындардың қаба­ғы­на қуаныш ұялатқан. Бұл жө­нінде газет тілшісіне Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров айтып берді. Осылайша, таяу уақытта 12 мыңға жуық адам белгіленген жұмыс түрлеріне толықтай тартылып, оны жыл соңына дейін атқаратын болады. Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында 500 жұмыс орны тұрақты түрде сақталып қалады деді облыс әкімінің орынбасары.

Бүгінгі күні өңірде тұр­ғын­­дарды жұмыс­пен қамту мен жаңа жұмыс орындарын ашу ісі жергілікті атқару­­шы орган­дардың басты мін­дет­терінің бірі­не айна­лып келеді. Аудан­дарда және ауылдар мен ірі елді-мекен­дерде тұрғын­дар­дың жаңа кәсіп­терді игеруіне тиісті жағ­­дай туғызу, на­рық­тық қарым-қатынастар талап еткен мамандықтарға қай­та әзір­­леу, ауыл және аудан әкім­­деріне жауапты міндеттер жүк­­тейді. Олардың қызметі алда­­ғы уақытта аталған істі қан­­ша­лықты деңгейде ұйым­дас­­тыра білуімен бағаланбақ.

Облыс аудандары эко­но­­ми­ка­­сының басым бөлі­гін ауыл­­ шаруашылығы саласы құ­­райды. Әрі бұл саланы биз­несті дамытудың бір көзі деп қарастыруға да болады. Осы орайда бұл секторды одан әрі дамытуға сал­дыр-салақ қара­ған, әрі ауыл­ шаруа­­шылы­ғы өнді­рісінің ұйымдас­тыру ісінде білік­тілік пен кәсіби­лік таныта алмаған әкімдер­дің өз орын­дарын босату ықтимал­дығы жоғары. Бір сөзбен айт­қанда, аудан және ауыл әкім­дерінің қызметі жаңа жұмыс орын­дарын құра білуімен өл­шен­бек. Міне, Ақтөбе облы­сы­ның әкімі Оңдасын Ораза­лин­нің бұл бағыттағы басты ұс­танымы осындай болып отыр.

 

Ақтөбе облысы