02 Қазан, 2013

Ақпараттар ағыны

261 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл Астана мен Алматыда ұялы байланыстың сапасы жақсарады. Бұл үшін қызмет көрсету сапасын арттыратын 1 001 базалық стансасы орнатылады. Жыл басынан бері операторлар осындай қосымша 461 базалық станса қойды.

Биыл Астана мен Алматыда ұялы байланыстың сапасы жақсарады. Бұл үшін қызмет көрсету сапасын арттыратын 1 001 базалық стансасы орнатылады. Жыл басынан бері операторлар осындай қосымша 461 базалық станса қойды.

Астанада қоғамдық ұйымдар «Мектепке жол» акциясына 23 млн. теңгенің үлесін қосты. Жасалған жәрдем 3616 мұғалімнің қатысуымен 102 850 пәтерді аралау арқылы 6256 баланы қамтыды.

Шығыс Қазақстанда шағын ЭКСПО-2017 көрмесі ашылады. Ел­басы­ның бастамасымен қолға алынған «G-Global» коммуникативті алаңын қолдауға арналған жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы жайында мәлімдей келіп, аталмыш маңызды жобаның басымдықтарын саралап айтып берді.

Шымкентте ертең романс орын­даушылардың халықаралық байқауы басталады. Оның салтанатты ашылуына Мәскеу халықаралық байқауының лауреаттары қатысады. Бірінші романсиада мұнда бұдан 16 жыл бұрын өткізілген еді. Оны «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газеті ұйымдастырған болатын.

Қаржы полицейлері Павлодар облысының жастарымен кездесті. Облыс әкімі Ерлан Арынның бастамасымен өткізілген шарада студенттер қоғамдастығы және жастар бірлестіктері өкілдері қаржы полициясы жұмысының жаңа моделімен танысты.

Қызылордада биылғы «Алтын күз» мерекесі 12 қазанда керуен кереді. Кеше бұл туралы мәлімдеген қала әкімі Нұр­лыбек Нәлібаев оның аясында облыс аудандары ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізетінін баяндады.

Биыл елімізден қажылық сапарына 4400 адам аттанады. Оның алғашқы легі кеше Сауд Арабиясына барып жетті.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.