Парламент • 07 Мамыр, 2020

Парламенттік оппозиция қоғамға өзгеріс әкеле ме?

661 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында парламенттік оппозицияны күшейтуді көздейтін заң жобасы мақұлданды.

Парламенттік оппозиция қоғамға өзгеріс әкеле ме?

Көлемі шағын, маңызы зор Мəжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Парламенті жəне оның депутаттарының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы», сондайақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне парламенттік оппозиция мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Бұл заң жобалары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде айтқан парламенттік оппозиция институтын заңнамалық тұрғыдан бекіту туралы тапсырмасына сəйкес дайындалды. Депутаттардың бастамашы болған аталған заң жобаларын алқалы топқа Мəжіліс депутаты Азат Перуашев таныстырды. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ақ жол» демократиялық партиясы алдын ала дайындаған «Парламенттік оппозиция туралы» заң жобасын қазіргі жағдайдың талаптарына сəйкес қайта жаңартты. Заң жобасы фракция депутаттарының сапарлары барысында жергілікті жəне ұлттық деңгейде сайлаушылардың, ғалымдардың жəне саяси қоғам өкілдерінің талқылауынан өтті. Талқылау жұмыстары БАҚ беттерінде жарияланды. Мысалы, қаңтар айында «Хабар» арнасында тікелей эфирде бір сағаттық пікір алмасу өтсе, сəуірде тəуелсіз интернет ресурстарында шетелдік сарапшылардың қатысуымен тағы да екі тікелей эфир өтіп, заң жобасына қолдау көрсетілді. Біз өзімізді ұсыныстарды екі заң жобасына бөлдік.

Дегенмен Президент  тапсырмасының басты мақсаты оппозиция өкілеттілігі мен оның заңнамалық тұрғыдан оппозиция туралы ұғымы, мəртебесі мен құқықтық кепілдіктері осы сатыда нақты іске асырылуда деп білеміз. Қос заң жобасының көлемі көп болмаса да, саяси мағынасы мен тарихи маңызы зор деп санаймыз», деді депутат. Парламенттік оппозицияға қандай да бір мəселе бойынша өз ұстанымын білдіруге кепілдік беру мақсатында заң жобасында саяси партиялар фракциялары басшыларының Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында, Парламент Мəжілісінің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдаулар мен өзге де іс-шараларда сөз сөйлеуге кепілдік берілген құқығын бекіту көзделеді. Осы құжат арқылы парламенттік оппоз ицияға Парламент Мəжілісінің Регл амен тінде көзделген тəртіппен күнтізбелік жыл да кемінде бір парламенттік тыңдау өткі зуге бастамашылық жасау, сондай-ақ парла мент тік сессияда кемінде екі рет «үкімет са ғат тарының» күн тəртібін айқындау құқығы беріледі. Сонымен қатар парламенттік оппозиция бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс пен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына сəйкес парламенттік оппозицияға өз депутаттарының арасынан Мəжіліс тұрақты комитеттерінің төрағалары лауазымына кандидатура ұсыну құқығы беріледі жəне тұрақты комитеттердің бірінің төрағасы парламенттік оппозиция депутаттарының арасынан сайланатыны туралы ережені бекіту ұсынылады. Заң жобасын талқылау барысында Мəжіліс депутаты Жанат Омарбекова баяндамашыдан аталған құжатқа сəйкес Конституциялық заңның 12-бабын 4-тармақпен толықтыру, яғни парламенттік оппозицияға бір сессия ішінде кемінде бір парламенттік тыңдауға бастамашылық жасау құқығын беретін норма қаншалықты қажет екенін cұрады. Өйткені қолданыстағы заңның 12-бабында депутаттардың парламенттік тыңдауға бастамашылық жасауына ешбір шектеу жоқ деп көрсетілген екен. – Дұрыс айтасыз, заң депутаттардың парламенттік тыңдауға бастамашылық жасау құқығын шектемейді. Бірақ, парламенттік көпшіліктің орны шешуші екенін бəріміз жақсы білеміз. Ал осы заңның мақсаты – парламенттік оппозицияның құқықтарын іске асыру. Қоғамды алаңдататын сұрақтардың көшеде емес, Парламент қабырғасында көтерілгенін қалаймыз. Сол үшін оппозицияға кемінде сессия сайын парламенттік тыңдаулар деңгейінде өзекті мəселелерді қозғауға мүмкіндік беруіміз керек, – деді Азат Перуашев. Осы тұста сөзге Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин араласып, бұл норманың басқа нормалармен салыстырғанда үлкен айырмашылығы бар екенін, енді заң деңгейінде парламенттік оппозицияға кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізу мүмкіндігі берілетінін, бұл бұрын болмағанын атап өтті.

– Заң жобасы Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың тапсырмасымен əзірленді. Осыған орай Мəжіліс депутаттары бастамашы болған осы құжатта алғаш рет «парламенттік оппозиция» деген ұғым енгізілді. Бұл – Парламент тарихында бұрын болмаған, бірақ уақыт талабына сай жасалып отырған өте қажетті қадам. Себебі парламенттік оппозиция – демократияны одан əрі нығайтуға, Парламент жұмысын дамытуға, сонымен бірге ашық жəне еркін қоғамды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Сондықтан дамыған елдердің тəжірибесін ескере отырып, осы заң аясында, тиімді парламенттік оппозиция қалыптастыру керек деп есептейміз, – деді Нұрлан Нығматулин. Талқылауды қорытындылаған Мəжіліс Төрағасы осы заң жобасы жəне оны іс жүзінде қолдану азаматтардың, жалпы алғанда қоғам мүддесі аясында жетілдіріліп отыратынын айтты.

Мақтааралдағы жағдайға алаңдаушылық білдірді Жалпы отырыстың күн тəртібінде бірқатар құжаттар екінші оқылымда ма құл данды. Олар – Əкімшілік рəсім дік-процестік кодексінің жобасы жəне оған ілеспе заң жобасы, сондайақ əкімшілік рəсімдік-процестік заңнам асы; атқарушылық іс жүргізу; тұтын ушылардың құқықтарын қорғау мəселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған заң жобалары. Бұған қоса депутаттар бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Жиын соңына қарай мəжілісмен Құдайберген Ержан Nur Otan партиясы фракциясының жəне «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы фракциясының бір топ депутатының атынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдайға байланысты Үкімет басшысы Асқар Маминге сауал жолдады. Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Мақтаарал ауданының бірқатар елді мекені су астында қалды. Бүгінгі таңда ресми деректер бойынша ауданда 10 елді мекен, 800-ден аса тұрғын үй, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 медициналық нысан су астында қалып, 31 мыңнан аса тұрғын эвакуацияланды. Бұған қоса диқан-фермерлердің 7600 гектарға жуық егін алқабын су басты. – Үкіметтік комиссия су алған тұрғын үйлерге келген залалды бағалауда тек үйдің салынған материалына ғана емес, үйдің текше метрлік көлемі мен тұрғындар санын негізге алуын сұраймыз. Кейбір тұрғындардың өз мүліктерін рəсімдеп үлгермегендері де болады. Осы жағдайды ескеру қажет. Жерасты суларының жақын орналасқанын ескере отырып, су басқан жерлерді бабына келтіру мақсатында дренаж жүйелерін қолдануды жəне қашыртқыларды іске қосу қажет деп санаймыз. Диқандарға егінді қайта егуге қолдау жолдарын қарастыра отырып, оның ішінде ауылшаруашылық техника, жанар-жағармаймен жедел қамтамасыз ететін жəне егістік алқаптарда уақытша паналайтын мүмкіншілік жасау керек. Сонымен бірге диқандармен ақылдаса отырып, қысқа мерзімде өнім беретін дақылдарды егуді жəне оған керекті тұқымдарды жеткізіп беруді жəне кейін алынған өнімнің сатылуына байланысты шараларды іске асыру керек, – деді Құдайберген Ержан.

Сондай-ақ депутаттық сауал карантин жағдайында тұрғындарға медициналық көмек беру мəселесіне аса мəн беруді Үкіметтің қаперіне салды. Отырысты қорытындылаған Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин келе жатқан Отан қорғаушы күнімен жəне Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Осы ретте Спикер өскелең ұрпаққа лайықты үлгі көрсетіп келе жатқан соғыс жəне еңбек ардагерлеріне құрмет ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, Парламент қабылдап, Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілген «Ардагерлер туралы» Заңда ардагерлерге əлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді белгілейтін құқықтық нормалар алғаш рет жүйеленіп, біріктірілді.