Қоғам • 28 Мамыр, 2020

Биыл 131 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық барысы қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 131 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл ҰБТ-ны 131 мыңнан астам түлек тапсырады. 150 өткізу орны белгіленген. Барлық ҰБТ өткізу орындары тепловизор, дезинфекциялық тоннель және аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшелер, медициналық пунктер, санитайзерлер, маскалармен қамтамасыз етіледі.

Е. Тоғжанов қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҰБТ-ны өткізудің санитарлық-эпидемиологиялық талаптары бойынша нұсқаулықты әзірлеу қажет екеніне, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, санитарлық талаптарды міндетті түрде орындау, оқушыларды тестілеу орындарына жеткізудің қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруға назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірнеше нақты тапсырма берді.