Қазіргі күндері Шымкентте «Қылмыссыз балалық шақ» атты акция өтіп жатыр. Ол он күнге ұласады. Мұндағы мақсат өскелең ұрпаққа тәлімді тәрбие беру, жат қылықтардан аулақ болуды үйрету болып табылады.
Акцияның алғашқы шаралары шымды қаладағы №58 және №72 мектептерде өтті.
Қазіргі күндері Шымкентте «Қылмыссыз балалық шақ» атты акция өтіп жатыр. Ол он күнге ұласады. Мұндағы мақсат өскелең ұрпаққа тәлімді тәрбие беру, жат қылықтардан аулақ болуды үйрету болып табылады.Акцияның алғашқы шаралары шымды қаладағы №58 және №72 мектептерде өтті.Жиынды кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар жүргізді. Олар жеткіншектер арасында жиі кездесетін оқиғаларды саралап өтіп, барлығы оның заң жүзіндегі бағамдарын айтып берді. Бір айта кетерлігі, оқушы ұл-қыздардың қоғамдағы қылығына нақты кім жауапты деген сауалға ортақ жауап бірден табыла қоймады. Мұғалімдер мұнда жауапкершілікті оқушылардың ата-анасына артқысы келсе, ата-аналар өз перзенттерінің түздегі әрекетіне мектеп басшылығы жауапты дегенді жеткізді.
Қазіргі күндері осындай кемшіліктердің алдын алу бағытында қаладағы барлық мектепте психологтар жұмыс жүргізіп жатыр. Олар оқушылар арасында семинар өткізіп, әр оқушымен жеке әңгімелеседі. Одан қандай нәтиже шығатынын алдағы уақыт көрсетеді. Әзірге жасалып жатқан жұмыстардың бірінші қорытындысы қыркүйектің аяғында шығарылды.
Мұрат АЙТҚОЖА.