2013 жылғы 2 мамыр, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 450 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
8-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтау мерзімі 10 жылға дейінгі құжаттар (сақтау мерзімі 75 жыл, тұрақты, ЭПҚ белгісі бар құжаттардан басқа) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттардың электрондық нысанында ғана қабылданады және жолданады.»;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Кеңсеге сенбі күндері келіп түсетін құжаттарды қабылдауды сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін іс жүргізу және мұрағат секторының кезекші қызметкерлері жүзеге асырады, сондай-ақ оларды кейіннен іс жүргізу және мұрағат секторына тіркеуге міндетті түрде беру арқылы Премьер-Министрдің қабылдау бөлмесінің жауапты кезекшісі де жүзеге асыра алады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделуге тиіс, бірінші басшы (ол болмағанда бұйрық болған жағдайда оның міндеттерін атқаратын адам, өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшы, министрліктердің немесе агенттіктердің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам) қол қойған немесе толтырылған деректемелері бар (ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесінің белгіленген тәртіппен анықталғаны туралы растамасы бар, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) электрондық құжаттың оған сәйкес келетін шаблонын пайдалана отырып жасалған құжаттардың бірінші даналары Кеңседе қабылдануға жатады. Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындауға жауапты мемлекеттік органдардың хаттарына міндетті түрде бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының расталған көшірмелері қоса беріледі. Құжатқа күні, шығыс нөмірі, құжаттың қысқаша тақырыбы, тапсырмалардың орындалуы туралы сауалға жауап қайтару немесе есеп (ақпарат) беру кезінде Кеңсенің тіркеу нөміріне сілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Бұл ретте Кеңсе күні оларды Кеңсеге өткізген күнге сәйкес келетін құжаттарды (басқа жерден поштамен келіп түскен хат-хабардан басқа) ғана қабылдайды. Орындаушының тегі, аты-жөні, оның телефонының нөмірі, сондай-ақ құжат данасының саны міндетті түрде қолдан кейін төменгі сол жақ бұрышында немесе құжаттың бірінші парағының артқы жағына қойылады (мысалы: С.А. Асанов, тел. 742469). Құжат қосымшасының әр бетіне құжатқа қол қойған немесе дайындаған адам қол қоюы тиіс.
Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жіберілген мемлекеттік органдардың хат-хабарлары (оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделуі тиіс (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі бланкісіз қол қойылған нұсқасы коса беріледі).
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды қабылдау кезінде даналарының саны ескерілмейді.
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында келіп түсетін құжаттарды (тек электрондық нысанда) кеңсе сағат 9.00-ден 15.30-ға дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін қабылдайды және белгіленген тәртіппен өңдейді.»;
19-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Заң бөліміне бағытталатын барлық хат-хабар (құжаттар) алдын ала қарауға;»;
25-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заң бөлімінің құзыретіне жататын мәселелері бойынша құжаттар тиісті тапсырмалардың жобаларымен бірге Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне алдын ала беріледі.»;
29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Парламент депутаттарының сауалдары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері бойынша Кеңсе Басшысы қарарларының жобаларын Заң бөлімінің қызметкерлері Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісім бойынша дайындайды.»;
31-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Үкімет пен Кеңсе басшылығының Заң бөлімі дайындаған қарарларының жобалары алдын ала Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісіледі.»;
32-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер тапсырма Заң бөліміне жолданса немесе көшірмелерде Заң бөліміне жіберілсе, қарарда міндетті түрде Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) көрсетіледі.»;
35-тармақтың екінші және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) құжатты алдын ала қарағаннан кейін оны орындау жөнінде Заң бөлімінің меңгерушісіне және (немесе) құқықтық сипаттағы мәселелерді қарауға жауапты орындаушысына жазбаша тапсырма береді және егер құжатты орындау туралы тапсырма Заң бөлімінің құқықтық сипаттағы мәселелерді қарауға жауапты орындаушысына ғана берілсе, құжатты Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесінің қызметкеріне қайтарады, ол орындаушы туралы есептік деректерді Кеңсенің электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына және карточканың бірінші данасына дереу енгізеді.
Заң бөлімі дайындаған Премьер-Министрдің, Үкімет және Кеңсе басшылығы қарарларының жобаларына (қызметтік жазбаның немесе жауап жобасына) Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) да бұрыштама соғады.»;
38-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңсеге мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келіп түскен және орындалуын бақылау Заң бөліміне бекітіліп берілген бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы есептер алдын ала Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне жіберіледі.»;
44-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Құжатқа күн сәулесіне төзімді сиямен қол қойылады. Құжаттың түпнұсқасына факсимиле қою арқылы қол қоюға тыйым салынады.»;
51-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Шығыс құжатының күнін араб сандарымен: айдың күні, айы, жылы кезектілігімен рәсімдейді. Айдың күнін және айды нүктемен бөлінген екі жұп араб санымен, жылды төрт араб санымен ресімдейді. Күнді сөздік-сандық тәсілмен жазу нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасағанда азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін айқындайтын қаржылық сипаттағы мәліметтерді қамтитын құжаттарда пайдаланылады және былайша ресімделеді: мысалы, 2009 жылғы 4 маусым және тіркеу нөмірі. 04.06.2009 күннің қысқартылған жазуы ереже бойынша анықтамаларға, баяндамалық жазбаларға және т.с.с. қойылған қолдан кейін қойылады.»;
77-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«77. Кеңсе бөлімшелерінде таратылуы шектелген мәліметі бар құжаттарды дайындау және ресімдеу кезінде оларға «ҚПҮ» деген белгісі мен дананың нөмірі қойылады. Құжаттың және ілеспе хаттың әрбір данасының соңғы парағының сырт жағында жөнелтілген құжаттың даналары қайда жолданғаны және оның жібергендігі, құжатты орындаушының тегі және файлды жою туралы белгі көрсетіледі.»;
78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«78. Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, егер алған құжаттағы мәліметтер таратылуы шектеулі мәліметтердің тізбесіне кірмейтін болса, одан «ҚПҮ» деген белгіні алып тастауға құқығы бар. Олар сондай-ақ осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен, құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторымен келісім бойынша құжаттардың көшірмелерін жасауға рұқсат бере алады. «ҚПҮ» деген белгісі бар ксерокөшірме құжаттар есебін жүргізу әр данасы бойынша жүзеге асырылады. «ҚПҮ» деген белгісі бар құжаттар басқа құпия емес құжаттардан бөлек, металл сейфтер мен шкафтарда сақталуы тиіс.»;
83-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, күн тәртібін Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы
№ 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне сәйкес Үкімет мүшелеріне және басқа да лауазымды адамдарға «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы мобильдік құрылғыларға қорғалмаған байланыс арналары бойынша кіруге тыйым салынбаған тиісті материалдармен бірге жібереді.»;
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«86. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдарды, Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізімін анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсыныстарды мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган мәжіліске дейінгі 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей, ал таныстырулардың электрондық нұсқаларын мәжіліс болатын күннің алдындағы екі күннен кешіктірмей енгізеді.»;
91-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заң бөлімі көрсетілген материалдар Кеңсе Басшысының қарауына шығарылғанға дейін оларды Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) алдын ала келіседі.»;
93-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілген материалдарға Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қосымша бұрыштама қоюы Заң бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде талап етіледі.»;
106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«106. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі тиісті материалдармен бірге күн тәртібін «Қазақстан Республикасының мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қойған тізімге сәйкес және осы Нұсқаулықтың 83-тармағының талаптарын орындай отырып, Үкімет мүшелеріне және басқа да лауазымды адамдарға мобильдік құрылғыларына жіберді.»;
107-тармақтың бірінші, үшінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«107. Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына арналған материалдар арнайы тыстарда реттік нөмірін көрсете отырып, атаулы папкаларға жинақталады және мәжіліске дейін 1 күн бұрын Хатшылыққа, тиісті қабылдау бөлмелеріне беріледі.»;
«Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына арналған материалдарды жинақтауға жауапты болып табылады. Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше (Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) алдын ала келісім бойынша Заң бөлімі):»;
«Премьер-Министр Кеңесшісіне – Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы белгілеген тәртіппен ресімделген және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тиісті орынбасарымен келісілген қаралатын мәселе бойынша Үкімет мәжілісін жүргізу тәртібінің жобасы, сондай-ақ Үкімет мәжілісінің қарауына енгізілген құжаттар бойынша анықтама дайындайды және мәжіліске дейін күнтізбелік 3 күн бұрын ұсынады. Хатшылық мәжіліске арналған материалдар салынған папкаларды Премьер-Министр үшін жинақтауды жүзеге асырады, ал жүргізу тәртібінің түпкілікті көшірмесін Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесіне береді.»;
121-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заң бөлімі Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) да бұрыштама қойған хаттамалық шешімнің жобасын ұсынады.»;
123, 135, 136-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«123. Елтаңбалық бланкіге ауыстырғаннан кейін хаттамаға орындаушы және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері (өздерінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасарлары (міндеттерді бөлуге байланысты), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және мәжілістен кейін төрт күн мерзімде Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.»;
«135. Жобаны енгізген мемлекеттік органның өкілі жобаның төлнұсқасын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің үкіметтік шешімдерді шығару бойынша жауапты қызметкеріне тапсырады, ол жобаның Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексереді.
136. Премьер-Министрдің Кеңсесінде Заң бөлімі жобаны заңдық техника қағидаларының сақталуына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне тексеруді, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік және орыс тілдері ережелерінің сақталуына, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дербес жауап береді) және Үкімет Регламентінің және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігіне алдын ала тексеруді ұйымдастырады. Алдын ала тексеру жүргізуге арналған мерзім жоба түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.»;
137-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараса) кейіннен Заң бөліміне жіберу үшін Кеңсе басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне беріледі.»;
139-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әзірлеуші мемлекеттік органның жобаны жұмыс тәртібімен пысықтау мерзімі 20 жұмыс күнінен аспауы тиіс.»;
140-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Алдын ала тексеруден кейін Кеңседе жобалардың өту мерзімі (жоба құрылымдық бөлімшелерге түскен күнінен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейін): Үкімет қаулыларының жобалары үшін 20 жұмыс күнінен (басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған, өту мерзімі 5 күнтізбелік күннен аспауы тиіс заң жобаларын қоспағанда); Премьер-Министр өкімдерінің жобалары үшін 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Жобалар мәтінінің көлемі үлкен және күрделі болуына байланысты өту мерзімін (басымдықты заң жобаларының және шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған заң жобаларының өту мерзімінен басқа) Кеңсе Басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға ұзартуы мүмкін.»;
144-тармақтың бірінші бөлігінде:
екінші абзацы алынып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«әр парағына қол қойылғаннан кейін жобаларға (қағаз тасығыштарда және электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар форматында) мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары және Кеңсе Басшысының орынбасарлары (олардың міндеттерінің бөлінуіне сәйкес) бұрыштама соғады, ал заң жобаларын Парламентке жолдауды немесе Парламенттен қайтарып алуды көздейтін қаулы жобаларына Үкіметтің Парламент Мәжілісіндегі Өкілдігінің басшысы қол қояды;»;
146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«146. Үкімет қаулыларының жобаларына және Үкімет бастамашылық еткен заң жобалары бойынша, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша депутаттардың түзетулеріне Үкiмет қорытындыларының жобаларына сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.»;
173-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әр іс көп дегенде 180 парақты қамтуы тиіс. Егер істе құжаттар көп болса, онда олар томдарға (бөліктерге) бөлінеді.»;
183, 185, 186-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«183. Өткен жыл ішінде іс жүргізілуі аяқталған істер Кеңсе Басшысы бекіткен кесте бойынша келесі жылдың сәуірінен қарашасына дейін мұрағатқа қабылданады. Істерді тапсыруды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің осы бөлімшелердің ағымдағы мұрағаттарын жүргізу үшін жауапты қызметкерлері жүзеге асырады.
Құжаттың түпнұсқаларын анықталмаған жағдайда Кеңсе Басшысына баяндау үшін орындаушымен құрылым бөлімшенің басшысымен және орындаушымен қол қойылған анықтама құрастырылады.»;
«185. Құжаттарға тіркеу-қабылдау карточкаларының даналары Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің және тиісті орындаушы (бірлесіп орындаушы) құрылымдық бөлімшелердің жедел сақтауында болады. Сақтау мерзімі өткеннен кейін карточкалар белгіленген тәртіппен жойылады.
186. Мұрағаттық сақтауда жатқан құжаттар қажет болған жағдайда мұрағаттан құрылымдық бөлімшелерге Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің немесе оның міндетін атқарушы адамның рұқсатымен уақытша пайдалануға беріледі.»;
193-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрақты сақтау мерзімі бар құжаттарды мұрағаттық істен алуға және оларға өзгерістер енгізуге тыйым салынады. Іс жүргізудегі немесе ағымдағы мұрағаттағы құжаттар зерттеушілерге берілмейді. 1990 жылға дейін Орталық мемлекеттік мұрағатта және 1994 жылдан бастап Ұлттық мұрағатта сақталатын Кеңсе құжаттары зерттеушілерге Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының Орталық мемлекеттік мұрағаты басшылығының жазбаша қолдаухатының негізінде және Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Қажет болған кезде құжаттар Кеңсенің ағымдағы мұрағатынан құжаттар өтінім негізінде (13-қосымша) тиісті журналға белгі қойыла отырып, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің рұқсатымен ғана
10 күннен аспайтын мерзімге берілуі мүмкін.»;
Нұсқаулыққа 3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Нұсқаулыққа 7-қосымшаның 5-тармағының реттік нөмірі 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. Заң бөлімі
»;
Нұсқаулыққа 12-қосымшада 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кіріс хат-хабарларын, хаттамаларын, шығыс құжаттардың, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын, оның ішінде «ҚПҮ» деген белгісі бар ксерокөшіруге арналған (№ 2 нысан) өтінімдерге Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің, оның орынбасарларының, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің үкіметтік шешімдерді шығару секторының бас инспекторының, бақылау секторының меңгерушісінің, іс жүргізу және мұрағат секторының меңгерушісінің, құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының меңгерушісінің қол қоюға құқығы бар.»;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Нұсқаулыққа 13-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде, орталық және жергілiкті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегі нұсқаулықта:
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бақылау құжаттарының тізбесі мемлекеттік органдарға «Мемлекеттік органдардың интранет-порталы» ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.»;
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келіп түсетін бақылаудағы құжаттар мен олардың жекелеген тармақтарын орындау туралы есептер Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі. Бұл ретте есептердің төлнұсқалары - құжаттың тұтастай орындалуын бақылау бекітіліп берілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне, ал олардың көшірмелері Премьер-Министр, Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы (оның міндетін атқарушы тұлға) бекіткен немесе оның тапсырмасымен бекітілген бекітіп беруге сәйкес бақылаудағы құжаттардың жекелеген тармақтарының орындалуына жауапты құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.»;
12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Нақты орындау мерзімін көрсете отырып бақылаудан алу, мерзімін ұзарту тапсырманы берушінің қарарымен, ал Премьер-Министрдің тапсырмалары бойынша Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарарымен бөлімнің жазбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте орындаушы мемлекеттік органдарды үкіметтік шешімдер мен басшылық тапсырмаларының нақты орындалу мерзімін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту немесе орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы дереу хабардар етеді.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«ҚПҮ» деген белгісі бар хаттамалар Бақылау секторына қағаз және электрондық нысанда (электрондық жеткізгіштерде) ұсынылады.»;
14-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үкімет бағдарламасын, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Үкімет қаулыларының орындалуын бақылауды тұтастай алғанда Әлеуметтік-экономикалық бөлім жүзеге асырады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер Кеңсеге келіп түскен күні белгіленген нысандағы есеп карточкалары бойынша (1-қосымша) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің іс жүргізу және мұрағат секторында (бұдан әрі - іс жүргізу және мұрағат секторы) тіркеледі. Өтініштің бірінші бетіне мөртабан қойылады, онда жеке өтініштер үшін автордың тегінің бастапқы әрпінен және өтініштің реттік нөмірінен (мысалы, А-1780), ұжымдық өтініштер үшін ҰЖЫМ индексінен, нөмірі мен күнінен тұратын тіркеу индексі көрсетіледі. Күнді белгілеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі: күні, айы, жылы (мысалы, 01.01.2008). Тіркеу индексі бір мезгілде кіріс және шығыс болып табылады және өтініштер бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі. Бұдан кейін өтініш сипаттамасының коды қойылады. Бұдан кейін хатқа аннотация жасалады, ол жүйелі, қысқа, өтініштің (ұсыныстың, арыздың не шағымның) мазмұнын көрсетуге тиіс. Бұл ретте есеп карточкасындағы жазба өтінішті қарауға жіберудің адрестілігін негіздеуі қажет.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Премьер-Министрдің Кеңсесіне тікелей жазбаша өтініш берген өтініш берушіге күні мен уақытын, іс жүргізу және мұрағат секторының өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетіліп, тиісті мөртабанмен куәландырылған талон (1а-қосымша) беріледі.»;
14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бүркеншік өтініштер іс жүргізу және мұрағат секторында зерттеледі және бір жыл сақталады, одан кейін актімен жойылады.»;
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды Кеңсе Басшысы бекіткен кестеге сәйкес бөлімдердің басшылары және Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторлары Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінде жүргізеді. Жеке қабылдау кестесі Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінің кіреберісінде ақпараттық тақтаға ілінеді.»;
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген Нұсқаулыққа 1а-қосымшамен толықтырылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:
мынадай мазмұндағы 8-13, 8-14, 8-15-тармақтармен толықтырылсын:
«8-13. Актілер мен тапсырмалардың орындалу сапасын бағалау қорытындысы бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Үкімет Басшылығының барлық тапсырмаларына қойылатын талаптарға сәйкестігіне түгендеу (аудит) жүргізеді.
8-14. Жүргізілген түгендеу қортындысы бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі осы Регламенттің 8-тармағының екінші бөлігінің талаптарын сақтамағаны үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ актілерді немесе тапсырмаларды дайындауға және келісуге жауапты мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстар енгізеді.
8-15. Мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын орындаушылар дербес құрылымдық бөлімшелердің бірінші басшылары болып табылады.»;
14, 15-1, 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Кеңсе Үкімет басшылығының және Кеңсе Басшысының атына жазылған мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысы немесе бұйрық бар болса, бірінші басшының міндеттерін атқару ресми түрде жүктелген адам қол қойған құжаттарды қабылдайды.
Сақтау мерзімі 10 жылға дейінгі құжаттар (сақтау мерзімі 75 жыл, тұрақты, ЭПҚ белгісі барша құжаттардан басқа) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттардың электрондық нысанында қабылданады және жолданады.»;
«15-1. Заң бөлімінің атына жазылатын хат-хабардың барлығы Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) алдын ала қарауына жіберіледі.»;
«25. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде мәжіліске дейінгі күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей, ал электрондық нысандағы таныстырулар нұсқалары – мәжіліс болатын күннің алдындағы 2 күннен кешіктірмей Премьер-Министр Кеңсесіне енгізіледі. Премьер-Министр Кеңсесі Премьер-Министрмен не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғамен келісім бойынша Кеңсе Басшысы бекітетін мәжілістің күн тәртібінің жобасын жасайды және мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, күн тәртібін Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне сәйкес Үкімет мүшелеріне және басқа да лауазымды адамдарға «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы мобильдік құрылғыларға қорғалмаған байланыс арналары бойынша кіруге тыйым салынбаған тиісті материалдармен бірге жібереді.»;
33, 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Қаулылар мен өкімдердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен олардың заңнамада белгіленген құзыретіне орай мемлекеттік органдардың интранет-порталында (бұдан әрі – МО ИП) электрондық құжаттар нысанында міндетті түрде келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік жобада қаралатын мәселелердің мәні негізге алына отырып, сондай-ақ жобада мемлекеттік органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді.
34. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган МО ИП-да заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқарушы тұлғаның) және мемлекеттік орган басшысының мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдана отырып куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы қаулы (өкім) жобасын, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды орналастырады және МО ИП арқылы тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді, ал ұйымдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесiнде белгіленген тәртіппен расталған электрондық құжаттың қағаз көшірмесі келісуге жіберіледі.
Қаулының (өкімнің) жобасын келісуге алған кезде мемлекеттік органдар олардың басқа мемлекеттік органдардың оған алдын ала бұрыштама соғуын талап етуге және үстірт және өзге де негізсіз себептермен жобаны келісуден бас тартуға тиісті емес.»;
34-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«34-1. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасын, түсіндірме жазбаны және оған басқа қажетті құжаттарды осы Регламенттің 50-тармағының талаптарын ескере отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.»;
39-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобалары мүдделі мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша МО ИП арқылы олармен келісілгеннен кейін Әділет министрлігінде заңдық сараптауға жатады.»;
үшінші бөліктің бірінші және екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы жобаларға электрондық құжат нысанында:
1) Әділет министрлігі мен Сыртқы істер министрлігін қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдармен (мүдделі мемлекеттік органдардың халықаралық шарт жобасының мәтінін түпкілікті келіскені туралы жазбаша қорытындыларын қоса бере отырып), сондай-ақ тиісті шет мемлекетпен (мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен келісілген әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған оны жасасу тілдеріндегі, оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі халықаралық шарт жобасы;»;
43-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43-1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде қарау процесінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламентінің қарауына тиісінше қаулылар (өкімдер), Президент актілерінің жобаларын және заң жобаларын енгізу туралы қаулы жобалары тұжырымдамалық өзгерген жағдайда, олар міндетті түрде мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісуге жатады.»;
45-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Кодекс жобалары бастапқы енгізген жағдайда – 20 жұмыс күні ішінде, қайталама түскенде – 10 жұмыс күні ішінде қаралады.»;
47, 48, 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Қаулының (өкімнің) жобасын қарау қорытындылары бойынша келісуші мемлекеттік орган әзірлеушіге жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынуға тиіс:
1) жоба ескертулерсіз келісілуі мүмкін. Келісуші орган басшысы ЭЦҚ қолданумен МО ИП-та электрондық құжат нысанындағы жобаны келіседі. Бұл жағдайда әзірлеуші МО ИП-тан басып шығарылған келісуші органның МО ИП-тағы жобаның нөмірі, келісуші органның оның мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен ішкі келісу нәтижелері көрсетілген келісу парағының негізінде және келісуші органның басшысы оған бұрыштама қоюы үшін электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде жобаның түпнұсқасын ұсынады;
2) жоба бар ескертулер жойылған кезде келісілуі мүмкін. Бұл ретте МО ИП-та келісуші орган ескертулерді орналастырады, мұнда оларды жою жөніндегі ұсыныстар міндетті түрде қамтылуы тиіс және ЭЦҚ-ны пайдалана отырып келісуші мемлекеттік орган басшысының қолы қойылады. Бұл жағдайда әзірлеуші ескертулермен келіскен жағдайда жобаларды пысықтау жұмыс тәртібімен жүзеге асырылады, бұдан кейін әзірлеуші МО ИП-та мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-сын куәландырумен қол қойылған жобаның пысықталған нұсқасын орналастырады және мемлекеттік органдарға келісуге қайта жолдайды;
3) жобаны келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші мемлекеттік орган МО ИП-та келісуден бас тартуға уәждемесі бар келісуден бас тарту белгісін қояды және келісуші мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырады.
Келісуші мемлекеттік органдарға қаулылардың (өкімдердің) жобаларын «ескертулермен» келісуге (бұрыштама соғуға) тыйым салынады.
48. Келіспеушіліктер болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган өзара тиімді шешім іздеу мақсатында оны келісуші органдармен талқылауды қамтамасыз етуге тиіс. Өзара тиімді шешімге қол жетпеген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші органдармен бірлесіп, келіспеушіліктер хаттамасын жасайды, оны жобаға МО ИП-та орналастырады. МО ИП-тағы келіспеушіліктер хаттамасы мемлекеттік органдар басшыларының ЭЦҚ-мен куәландырылады. Электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі келіспеушіліктер хаттамасының тұпнұсқасы келісуші органның басшысына қол қоюға ұсынылады.
49. Келісу жүргізілгеннен кейін әзірлеуші мемлекеттік орган қаулының жобасын Кеңсеге келісуші мемлекеттік органдардың қорытындыларымен (келіспеушіліктер хаттамаларымен) және тиісті қосымшалармен бірге электрондық құжаттың қағаз көшірмелері түрінде және мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) электрондық құжат нысанында енгізеді.»;
50-тармақта:
2) тармақшада:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сараптамалық қорытындыларда көрсетілген ескертулерді жойған жағдайда жобаны әзірлеуші жобаға түсіндірме жазбада аталған ескертулер жойылғаны туралы көрсетуі тиіс.»;
3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Үкіметтің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін қаулының жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тиісінше негіздей отырып, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының әр парағына алдын ала қолы қойылған және қолы қойылған қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакциясындағы салыстырма кестесі қоса беріледі;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) қаулы жобасымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Президентінің қарауына заң жобалары мен Жарлықтардың жобалары енгізілетін жағдайларды қоспағанда, келісу парағы (PDF форматында қосымшаға сәйкес нысан бойынша).»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуға немесе мемлекеттік кірістерді азайтуға алып келетін қаулылар (өкімдер) жобалары Республикалық бюджет комиссиясының қорытындылары не шығындық нормалар бойынша қаржыландыру көзі көрсетілген (бюджеттік бағдарламаның нөмірі мен атауы, бюджет қаражатын уақтылы игерудің ағымдағы жай-күйі) егжей-тегжейлі анықтама қоса тіркеледі.»;
51, 53-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Мемлекеттік құпияларды және (немесе) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес ақпараттық жүйесінде жобаларды және оларға материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмк