Аймақтар • 31 Мамыр, 2020

Маңғыстауда 1 маусымнан бастап карантин жеңілдетіледі

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Маңғыстау облысында 1 маусым күнінен бастап жеңілдетілетін карантиндік шаралар және жұмыстарын жандандыратын келесідей кәсіпкерлік нысандарының тізімі жасақталды, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Маңғыстауда 1 маусымнан бастап карантин жеңілдетіледі
Тізім бойынша төмендегі шаралар жүзеге асады:
1. Облыс аумағында жалпы қозғалысқа сағат 6:00 – 23:00 аралығында рұқсат етіледі;
2. Спорт залдардағы спорттық жаттығуларға жұмыс регламентін шектеусіз, ғимарат ішіндегі адам санын 30%-ға дейінгі сыйымдылықпен қамти отырып рұқсат етіледі;
3. Қоғамдық тамақтану орындарына, кафелер мен ресторандарға (тойханаларды қоспағанда) 50 отыратын орыннан асырмай, эпидемияға қарсы шараларды және ара қашықтықты қатаң сақтай отырып сағат 23:00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етіледі;
4. Жағажай және демалыс базалары эпидемияға қарсы шараларды қатаң сақтай отырып жұмыстарын бастайды;
5. Қоғамдық моншаларға және СПА орталықтарына ішіндегі адам санын 30%-ға дейінгі сыйымдылықпен қамти отырып жұмыс жасауына рұқсат беріледі;
6. Сауда ойын-сауық орталықтары сағат 9:00 – 22:00 аралығында қызметтерін жалғастырады. Бірақ, кинотеатрлар мен балалардың ойың алаңдарына және мұз айдындарына уақытша рұқсат етілмейді;
7. Жетібай мен Мұнайшы ауылдарына кіру және шығуға шектеу қойылады (яғни, блокпосттар орналастырылады);
8. Мекемелерде қызметкерлер санының 50%-ын қашықтықтан жұмыс жасату тәртібі жалғасады.